Тіркелу: app.testcenter.kz
Өтініштер жылына 4 рет қабылданады: қаңтар, наурыз, маусым, тамыз.
Негізгі ҰБТ-да сізге 2 мүмкіндік беріледі.
Тестілеу 5 пән бойынша жүргізіледі: үш міндетті және екі бейінді.
Шығармашылық мамандықтарға түсу үшін сізге ҰБТ-да екі пән тапсыру қажет – Қазақстан тарихы және оқу сауаттылығы. Кейін сіз университетте қосымша екі шығармашылық емтихан тапсырасыз.
ҰБТ-ны 5 пәннен де тапсырып, шығармашылық мамандықтарға түсуге болады. Бірақ шығармашылық емтихан міндетті түрде тапсырылуы керек. Біз екі ҰБТ пәні мен емтихан ұпайларын қосып санаймыз.
Барлығы 130 балл жинай аласыз. Ақылы және грант үшін шекті балл кем дегенде 50 баллды құрайды, әр пәннен кемінде 5 баллдан.
Шығармашылық мамандықтарға жатады:
Ол үшін қажетті құжаттар тізімін жинап, оларды сканерден өткізу қажет. Талапкер өз бетінше Egov сайты арқылы электрондық өтініш береді немесе құжаттарымен бірге университеттің қабылдау бөліміне келеді. Қабылдау бөлімінің мамандары талапкерге өтініш беруге кезең-кезеңімен көмектеседі. Содан кейін үміткерлер нәтижелерді күтеді, әдетте нәтиже тамыз айының басында жарияланады.
Егер сіз мамандықты өзгертсеңіз және туыс білім беру бағдарламасына түспесеңіз, түсу ережелері мектептен кейінгі оқуға түсушілермен бірдей болады. Сізге ҰБТ бойынша 5 пән тапсырып, кемінде 50 балл жинау қажет.
Егер сіз туыс мамандық бойынша оқуға түссеңіз, онда ҰБТ-ны тапсырудың қажеті жоқ. Университеттің қабылдау бөлімінде ұсынылған тақырыптардың біріне эссе жазасыз. Тақырыптар сіздің білім беру бағдарламаңызға сәйкес таңдалған. Туыс мамандықтардың тізімін қабылдау бөлімінен алуға болады.
Мемлекеттік грантқа түсу үшін ҰБТ қысқартылған форматта өтеді, сіз 2 бейіндік пән тапсырасыз.
Шетелдік азаматтар үшін қабылдау университет қабырғасында әңгімелесу негізінде жүзеге асырылады.
Егер басқа елдің азаматы Қазақстанда мектеп бітірген болса, онда қабылдау ҰБТ бойынша жүргізіледі.
Өтініштер 1 маусым мен 25 тамыз аралығында қабылданады.
Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде берілген білім туралы құжаттар нострификациялау рәсімінен өтеді.