«Finvision 2025» Қаржы және цифрлық трансформацияны дамытуға арналған V халықаралық онлайн олимпиада

«Туран» университетінің Экономика факультетінің Қаржы және есеп жоғары мектебі ұлттық валюта – теңге күніне және қаржы, бухгалтерлік есеп және аудит саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекелеріне арналған «FINVISION 2025» халықаралық онлайн олимпиадасын өткізеді.

 

Олимпиаданың мақсаты – қазіргі заманғы қаржы, есеп және аудит, цифрлық технологиялар және қаржылық қауіпсіздік саласында терең білімі мен креативті ойлау қабілеті бар студенттерді анықтау, қолдау және ынталандыру.

 

 

Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері:

 

  • студенттердің қаржылық және есеп мәдениетін, аналитикалық және сыни ойлау қабілетін дамыту;
  • қаржы мен есеп саласындағы цифрландыру және қауіпсіздік мәселелеріне қызығушылықты арттыру;
  • халықаралық академиялық ынтымақтастықты дамыту;
  • FinTech саласында жас мамандар қауымдастығын қалыптастыру.

 

Қатысу тілі: қазақ, орыс немесе ағылшын (қатысушылардың таңдауы бойынша).

 

Олимпиада 2025 жылғы 28 қараша күні Астана уақытымен сағат 14:00-де онлайн форматта өткізіледі. Қатысушылар – «Қаржы» және «Есеп және аудит» білім беру бағдарламаларының 2–4 курс студенттері. Финалистерге бейнеконференция сілтемесі жіберіледі.

 

Қатысу форматы: командалық (2–3 адамнан), жеке қатысуға рұқсат етіледі.

 

Әр команда капитан тағайындайды, ол ұйымдастыру комитетімен байланысқа жауап береді.

 

Тіркелу 2025 жылғы 20 қарашаға дейін келесі сілтеме арқылы жүргізіледі

 

 

1-кезең – “Financial Quest”

 

Формат: асинхронды. Қатысушылар тапсырмаларды орындап, нәтижесін ұйымдастыру комитетінің электрондық поштасына жібереді.

Тапсырмалар 2025 жылдың 21 қарашасы күні сағат 11:00–12:00 аралығында жіберіледі.

 

I кезеңнің турлары:

 

Қысқа жағдайлық кейс – дәлелдеме, шынайылық және командалық жұмыс бағаланады.

 

 

Тақырып бойынша бір слайдтық ұсыныс немесе қысқа аналитикалық эссе/инфографика – түпнұсқалық, логика, дәлел және креатив бағаланады.

 

Жұмыстар онлайн эфирсіз бағаланады. Нәтижелер қатысушылардың поштасына жіберіледі.

Материалдар 2025 ж. 21 қараша, 13:00-ға дейін olympics_2025_online@turan-edu.kz мекенжайына жіберілуі тиіс.

 

Нәтижелері туралы ақпарат 2025 жылдың 25 қарашасына дейін жіберіледі.

 

 

2-кезең – FinVision Challenge (финал)

 

2025 жылғы 28 қарашада өтеді.

 

Әр команда өз жобасын немесе аналитикалық идеясын 5 минут ішінде таныстырады, одан кейін 2 минут – қазылардың сұрақтарына жауап беру. Барлық таныстырылымдардан кейін жеңімпаздар жарияланып, марапаттау рәсімі өтеді.

 

Жобалар тақырыптары: цифрлық қаржы және есеп, қаржылық қауіпсіздік, қаржы және бухгалтериядағы инновациялар.

 

 

Бағалау критерийлері (100 баллдық шкала бойынша):

 

  • Тақырыптың өзектілігі мен маңыздылығы – 30%;
  • Аналитикалық тереңдік пен дәлел – 25%;
  • Креативтілік және инновация – 20%;
  • Презентация сапасы – 15%;
  • Жалпы сенімділік – 10%.

 

 

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер:

 

  • «Туран» университетінің ректоры қол қойған I, II және III дәрежелі электрондық дипломдармен марапатталады;
  • I кезеңнен өткен барлық командаларға қатысушы сертификаттары;
  • Ғылыми жетекшілер мен үйлестірушілерге алғыс хаттар;
  • Арнайы номинациялар: “Best Innovation Vision”, “Best Speaker”, “Ambassador of the Financial Accounting Future”.

 

Байланыс тұлғалары:

 

Мусаханова Назия Аруевна  +7 701 531 55 85, n.mussakhanova@turan-edu.kz

Заболотникова Виктория Дмитриевна,  +7 701 787 33 93, v.zabolotnikova@turan-edu.kz

Тойлыбек Тоты Ганиевна  +7 777 265 56 58, t.toilybek@turan-edu.kz

Байгазинова Дана Кыдырбековна  +7 702 623 09 17, d.baigazinova@turan-edu.kz

Online қабылдау