«Есеп және аудит» білім беру бағдарламасы бойынша XVIII Республикалық студенттік пәндік олимпиада нәтижелері

«Тұран» университетінде «Есеп және аудит» білім беру бағдарламасы бойынша XVIII Республикалық студенттік пәндік олимпиада өтті!

 

2026 жылғы 22 мамырда «Тұран» университеті «Жасанды интеллект дәуіріндегі есеп және аудит: сын-қатерлер, мүмкіндіктер мен перспективалар» тақырыбында еліміздің түкпір-түкпірінен «Есеп және аудит» білім беру бағытының үздік студенттерін бір интеллектуалдық алаңға жинады.

 

Күні бойы қатысушылар жоғары кәсіби дайындықтарын, терең аналитикалық ойлау қабілеттерін, көшбасшылық әлеуеттерін және командада тиімді жұмыс істей алу дағдыларын көрсетті.

 

Олимпиада бағдарламасы бірнеше жарыс кезеңдерден тұрды: «ProTest» кешенді тесті – Білім балансы, «Accounting Battle: капитандық раунд» капитандардың интеллектуалды блиц-турнирі, сондай-ақ ғылыми-зерттеу жұмыстарын таныстыру және қорғау.

 

🏆 Олимпиада қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:

 

🥇 I орын – Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті

🥈 II орын – Alikhan Bokeikhan University

🥈 II орын – «Тұран» университеті

🥉 III орын – Алматы Менеджмент Университеті

🥉 III орын – Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті

🥉 III орын – М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

 

Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз және әр командаға белсенді қатысқаны, тың идеялары мен кәсіби дамуға деген ұмтылыстары үшін шынайы алғысымызды білдіреміз!

 

Есеп, аудит, талдау саласындағы білім беруді және жастар бастамаларын дамытуға қосқан қолдауы, сараптамалық көмегі мен үлесі арқылы бұл іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне ықпал еткен серіктестерімізге ерекше алғыс айтамыз!

 

Есеп, аудит, талдау саласындағы білім беруді және жастар бастамаларын дамытуға қосқан қолдауы, сараптамалық көмегі мен үлесі арқылы бұл іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне ықпал еткен серіктестерімізге ерекше алғыс айтамыз:

 

  • «Kausar Business Consulting» ЖШС
  • Қазақстан Республикасы Аудиторлар палатасы
  • «Бизнес және қаржы секторы академиясы» ЖШС
  • «FINKAM-Аудит» ЖШС
  • «Учет» кәсіби бухгалтерлер ұйымы
  • Uchet.kz порталы
  • «ПРОФИТренинг» ЖШС

 

Қазылар алқасының мүшелеріне, ғылыми жетекшілерге, ұйымдастырушыларға және барлық қатысушыларға кәсіби қарым-қатынас, ғылыми ізденіс пен нәтижелі академиялық ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырғандары үшін алғысымызды білдіреміз.

 

Келесі Олимпиадада кездескенше!

Online қабылдау