Cтуденттер үйінде тұруға өтінімдер

Студенттер үйіндегі орындар демалысты қоспағанда, белгілі бір оқу кезеңі ішінде тұру үшін тұрғын үйге мұқтаждарға (әлеуметтік-қорғалмаған адамдарға, ҚР басқа өңірлерінен келген адамдарға және шетел азаматтарына) бөлінеді.

 

Орындарды бөлу кезінде бірінші кезекте келесі санаттағы 1 және 2 курс студенттерінің өтініштері қарастырылады:

 

  • жетімдер;
  • мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар, соның ішінде I және II топтағы мүгедектер;
  • мемлекеттік білім гранты бойынша оқуға түскен студенттер;
  • көп балалы отбасынан шыққан студенттер;
  • алыс облыстардан және аудандардан келген студенттер (толық оқу мерзіміндегі университеттің ішкі гранттарының иегерлеріне қолданылмайды);
  • академиялық ұтқырлық аясында алмасу бойынша білім алушылар;
  • университеттің қоғамдық өміріне белсенді қатысқан және сабақ үлгерімі жақсы студенттер.
Қабылдау комиссиясы