DBA (Doctor of Business Administration) білім беру бағдарламасының мақсаты– заманауи тұжырымдамалар мен менеджмент модельдерін игеру және дамыту үшін қолданбалы зерттеулер жүргізуге қызығушылық танытқан басқарушы кадрларды, практикалық тәжірибесі бар аға менеджерлерді даярлау болып табылады.
⠀
DBA бағдарламасының аудиториясы
⠀
DBA бағдарламасына қызметінде керемет жетістіктерге қол жеткізген, табысты жобаларды жүзеге асыруда тәжірибесі және зерттеуге бейімділігі бар қазіргі заманғы бизнестің көшбасшылары, жоғары білікті менеджерлер тіркеледі, сонымен қатар өз жетістіктерін шоғырландыруды және нығайтуды қалайды, өз бағытында алға жылжып, іскерлік әкімшілік докторы мәртебесін алғысы келеді
DBA |
|
Оқу мерзімі: | 3 жыл |
Құны: | 1 900 000 теңге / жылына (ағылшын бөлімі) |
1 700 000 теңге /жылына (орыс бөлімі) | |
Үміткерге қойылатын талаптар: | Жоғары білім (магистр) |
Модульдік
Астана уақыты бойынша 18:30-данбастап 21:20 аралығында
Түлектер оқу бітіріп, докторлық диссертациясын қорғағаннан кейін диплом және іскерлік әкімшілік докторы (Doctor of Business Administration) дәрежесін алады.
Graduate School of Business | |
Телефон: | +7 (727) 260-40-13 (ішкі телефон нөмірі 1071, 1072, 1073) |
E-mail: | gsb@turan-edu.kz |
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық Еуразия академиясының толық мүшесі, академигі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2010 жылы
«Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапатталған, ғылыми жобалар жетекшісі, бизнес-тренер, 75-тен астам ғылыми мақалалардың авторы. «Іскерлік әкімшілік» мамандығының магистранттары үшін келесі курстарда дәрістер оқиды және практикалық сабақтар жүргізеді:
Заманауи көшбасшының тиімді дағдылары.
Экономика ғылымдарының кандидаты, Жоғары аттестаттау комиссиясының доценті, 35 жылдан астам жұмыс өтілі бар. 2016 жылы «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығы» медалімен марапатталды. 20 жылдан бері магистрлік диссертациялардың жетекшісі ретінде қатысады. «Іскерлік әкімшілік» мамандығының магистранттары үшін келесі курстарда дәрістер оқиды және практикалық сабақтар өткізеді: Зерттеу әдістемесі, Заманауи көшбасшының тиімді дағдылары, Көшбасшылық және этика.
Экономика ғылымдарының кандидаты, профессор. Қазақстандық жоғары білім беру жүйесінде оқытушыдан ғылым жөніндегі проректорға дейін еңбек өтілі бар тәжірибелі маман. MBA іскерлік білім бағдарламасының қалыптасуында декан ретінде атсалысқан, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі магистратурасының директоры.
Іскерлік-консалтинг бойынша практикалық тәжірибесі бар, сонымен қатар АӨҚО рейтинг агенттігі, АРТА, «ҰМҒТСО» АҚ жұмыстарында сарапшы рөлін атқарады. 50-ден астам ғылыми еңбектер, оның ішінде монографиялар, оқулықтар, экономика және менеджмент саласындағы ғылыми мақалалары бар.