Тұран университетінің Экономикалық факультеті – Қазақстанның экономика және бизнес салаларына мамандар дайындайтын жетекші білім беру орталықтарының бірі. Факультеттің оқу процесі дәстүрлі университеттік білім беруді кәсіпкерлік дағдылар мен басқарушылық қабілеттерді дамытуға ұштастыру негізінде құрылады.
Факультет бағдарламаларының негізгі мақсаты – қазіргі заманғы нарықта көшбасшылық орындарға ие бола алатын, жоғары білікті және сұранысқа ие мамандарды даярлау. Факультет түлектері терең теориялық білімге және инновациялық-кәсіпкерлік міндеттерді шешуге әрі бизнесті дамытуға бағытталған қолданбалы дағдыларға ие.
Факультетте:
Факультетте 120-дан астам жоғары білікті оқытушылар қызмет атқарады.
Факультет толық білім беру циклін қамтамасыз етеді: бакалавриат – магистратура – PhD. Оқыту үш тілде жүргізіледі: мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде.
Диссертациялық кеңес келесі білім беру бағдарламалары бойынша табысты жұмыс істейді:
Факультет түлектері Қазақстанның және шетелдің жетекші компаниялары мен қаржы құрылымдарында басшылық қызметтерді атқарып келеді. Бұл Тұран университетіндегі білім берудің жоғары деңгейі мен беделін дәлелдейді.
Біз сіздерді Экономика факультетінде қарсы алғанымызға қуаныштымыз!
Біз экономика мен бизнес, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және логистика салаларындағы болашақ көшбасшыларды тәрбиелейміз.
Біздің факультет – білімнің, мүмкіндіктердің және кәсіби дамудың кеңістігі. Біз әрбір студентке терең теориялық және практикалық білім беріп, аналитикалық ойлау қабілетін дамытып, өзгермелі әлемде табысты мансапқа дайындауға ұмтыламыз.
Факультеттің мақтанышы – қоғам мен бизнестің дамуына елеулі үлес қосатын оқытушылар мен түлектер. Мұнда бастамалар бағаланады, жаңа идеялар туындайды және бірлескен шығармашылық қалыптасады.
Экономика факультетінің есігі әрқашан сіздер үшін ашық!
Құрметпен, Байтенова Лаура Маратқызы,
Экономика факультетінің деканы
Экономика және менеджмент жоғары мектебінің директоры
Кабинет 203
Телефон: +7 727 260 40 26
E-mail: a.beknazarova@turan-edu.kz
Ақпараттық технологиялар жоғары мектебінің директоры
Кабинет 309
Телефон: +7 727 260 40 27
E-mail: s.mambetov@turan-edu.kz
Маркетинг және логистика жоғары мектебінің директоры
Кабинет 205
Телефон: +7 727 260 40 26
E-mail: m.davletova@turan-edu.kz
Қаржы және есеп жоғары мектебінің директоры
Кабинет 315
Телефон: +7 727 260 40 27
E-mail: i.selezneva@turan-edu.kz
Экономика ғылымдарының докторы, «Қаржы» кафедрасының профессоры, ҚР қаржыгерлер қауымдастығы кеңесінің құрметті төрағасы. Экономикалық және қаржылық мәселелер бойынша 100-ден астам жарияланымның авторы, «Ұлттық капитал» ғылыми мектебінің негізін қалаушы. «Құрмет», «Парасат», «III дәрежелі Барыс» ордендерімен марапатталған. Ұлттық банк қызметінің басым бағыттары бойынша зерттеулер жүргізу үшін гранттар беру жөніндегі комиссияның мүшесі болып табылады. Экономикалық консультанттар кеңесі басшысының орынбасары, экономика министрінің бірінші орынбасары, Шетелдік инвестициялар жөніндегі Ұлттық агенттіктің төрағасы, ҚР Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары, ҚР Қаржы министрінің орынбасары қызметтерін атқарды.
Педагогика ғылымдарының докторы, «Ақпараттық технологиялар» кафедрасының профессоры. 2013 жылдан бастап Еуразиялық білім сапасын бағалау қауымдастығының мүшесі, 2019 жылдан бастап «Қазақстандағы білім сапасын бағалау» қоғамдық бірлестігінің төрағасы. «Құрмет» орденімен, мерейтойлық медальдармен, ҚР Президентінің Алғыс хатымен марапатталған. 120 ғылыми және оқу-әдістемелік еңбектердің авторы. Жобалар мен ғылыми-зерттеу жұмыстарына жетекшілік етуде үлкен тәжірибесі бар.
«Есеп және аудит» кафедрасының профессоры, экономика ғылымының докторы, ҚР аудиторлар палатасының аудит сапасын бақылау комитетінің мүшесі, кәсіби әдептілік жөніндегі комиссияның мүшесі және ЕАЭО аудиторлар Консультативтік Кеңесінің комиссияларының мүшесі. Қызмет барысында медальдарымен және төсбелгілерімен – «Мінсіз іскерлік беделі» үшін, (Жоғары бизнес және басқару институты, Швейцария); А. Байтұрсынова ат. ҚР жоғары оқу орындары қауымдастығынан; «ҚР ғылымын дамытудағы еңбегі» үшін және «ҚР аудиторлар палатасының құрметті мүшесі» Аудиторлар палатасынан марапатталған.
Экономика ғылымдарының кандидаты, доцент, MBA, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, «Qazaq Oil»атқарушы директоры. Қалалық кәсіпкерлер палатасының директоры және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының бірінші орынбасары қызметтерін атқарды.
Экономика ғылымының кандидаты, доцент, «Әлемдік және Ұлттық экономика» кафедрасының зерттеуші профессоры, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төс белгісінің иегері.
PhD, «Әлемдік және Ұлттық экономика» кафедрасының қауымдастырылған зерттеуші профессоры, 50-ден астам ғылыми мақаланың авторы, «Казахстанская правда» жалпыұлттық газетінің сарапшысы, Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің коммуналдық инфрақұрылым, ұтқырлық, экология, қаржы, активтер және қауіпсіздік жөніндегі комиссиясының сарапшысы, ҚР БҒМ «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының иегері, «Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар» институтының директор орынбасары.
Экономика ғылымдарының кандидаты, «Қаржы» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, IDF Eurasia (Kazakhstan) ФинТех холдингінің вице-президенті. Қазақстандық брокерлік компаниялар мен ЕДБ-де Қазақстандағы Schildershoven Finance B. V. голландиялық инвестициялық компаниясының өкілдігін, сондай-ақ Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының талдау орталығын басқарды. ҚР Білім және ғылым министрінің алғысымен атап өтілді.
Экономика ғылымдарының кандидаты, «Маркетинг және логистика» кафедрасының зерттеуші профессоры, «Білім беру ісінің үздігі» медалінің иегері, Қазақстан ЖОО қауымдастығының Құрмет грамотасының иегері, Қазақстан маркетинг қауымдастығының мүшесі, «Маркетинг және жарнама» мамандығы бойынша Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің мүшесі.
Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) «Бизнестегі әйелдер» бағдарламасы бойынша маркетинг сарапшысы, Қазақстан маркетинг қауымдастығының атқарушы директоры, Apple Teacher мәртебесі бар бизнес мұғалімі.
FootLab құрылтайшысы, «Құрмет» орденінің, «Қазақстан Республикасының үздік мемлекет қызметкері» атағының, «Қазақстанның үздік қаржыгері» медалінің иегері. Алматы қаласы әкімінің орынбасары, «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының бірінші орынбасары қызметтерін атқарған.
Техника ғылымдарының кандидаты, «Инновациялық технологиялар паркі» автономды кластерлік қорының өнеркәсіпті цифрлық трансформациялау басқармасының сарапшысы.
Техника ғылымдарының кандидаты, «Маркетинг және логистика» кафедрасының доценті, Қазақстан маркетинг қауымдастығының мүшесі, 1С сертификатталған тренері.
Еуропалық логистика қауымдастығының (ЕЛҚ) жанындағы логистика бойынша Еуропалық сертификаттау комитеті «Тұран» университетінде Логистиканың ұлттық сертификаттау орталығын ашты. Бұл орталық Қазақстанда жалғыз.
Осы орталықтың негізінде сертификаттау 3 деңгейде жүзеге асырылады:
Әрбір ELҚ деңгейі үшін сәйкес бағдарламалар, сынақтар және жеке стандарттар әзірленді.
Жобаларды басқару бойынша сертификаттау орталығы – 2022 жылдың қараша айында Тұран университетінде Жоба менеджерлері одағымен және Халықаралық ақпараттандыру академиясымен бірлесіп ашылды.
Негізгі қызмет түрлері:
«Turan Entrepreneurship» Тұран университетінің экономика факультетімен 2016 жылдан бастап жүзеге асырып келеді. Жобаның мақсаты – бастамашыл студенттерді заманауи кәсіпкерлік қызметке дайындау.
«Әлемдік және ұлттық экономика» кафедрасында «Экономистер оқырмандары клубы» жұмыс істейді. 2019 жылдан бастап клуб аясында түрлі іс-шаралар: жарыстар, ұтыс ойындары, дөңгелек үстелдер өткізілді. Классикалық экономикалық әдебиеттің белсенді қатысушылары – оқырмандары республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары атанды.
PhD, «Астана» Халықаралық қаржы орталығының қаржылық қызметтерді реттеу комитетінің директорлар кеңесінің мүшесі
Солтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасының директоры
«Allian-Audit» аудиторлық компаниясының бас директоры, кәсіби аудитор, Қазақстан Республикасының сертификатталған кәсіби бухгалтері.
«Банк ЦентрКредит» АҚ ЕҰ «BCC Invest» АҚ басқарушы директоры
Freedom Finance Life ӨСК АҚ Ішкі аудит қызметінің жетекші маманы, «Экономика» ББ докторанты.
Сентрас Иншуранс АҚ корпоративтік сақтандыру басқармасының бастығы
Қазақстандық автомобиль бизнесі қауымдастығының, Алматы қаласы әкімдігінің жастар кеңесінің төрағасы. «EcoTaxi» таксомоторлық бизнесінің негізін қалаушы.
«Коммеск-Өмір» СК» АҚ сақтандыру компаниясының жауапкершілікті сақтандыру департаменті директорының орынбасары.
«Эрнст энд Янг» (Эрнст энд Янг Қазақстан) Қазақстан халықаралық аудиторлық-консалтингтік корпорациясы, аудитор.
Н. Назарбаев Қорының «Болашақ ғалымдары» жаратылыстану, техникалық және гуманитарлық ғылымдар бойынша үздік ғылыми жұмысқа конкурсының жеңімпазы, Н. Назарбаев Қорының Стипендиаты, Сингапурда кәсіпкерлікті оқытуға грант иегері.
Декан
Байтенова Лаура Маратовна, э.ғ.д., профессор
Телефон: +7 727 260 40 26
E-mail: l.baitenova@turan-edu.kz