Жыл сайын жүздеген талапкерлер (мемлекеттік грант иегерлері) бізді басқа университеттердің арасынан таңдап, оқуға түседі.
Мемлекеттік гранттар жыл сайын Қазақстан бойынша білім беру бағдарламаларына бөлінеді.
Мемлекеттік грант конкурсына өтініш берген кезде түсуді жоспарлап жүрген ЖОО-ның кодын көрсету қажет («Тұран» университетінің коды – 093). Мемлекеттік гранттар ҰБТ нәтижелері бойынша ең жоғары ұпай жинаған талапкерлерге тағайындалады. Егер сіз мемлекеттік грант иегері атансаңыз, грант өзіңіз таңдаған оқу орнына бағытталады.