Шетел азаматтарын қабылдау

Information about Turan University

 

Егер басқа елдің азаматы Қазақстанда мектепті бітірген болса, қабылдау ҰБТ арқылы жүзеге асырылады.

 

Құжаттарды қабылдау 1 маусымнан 25 тамызға дейін.

Құжаттар тізімі:
  • Қазақ тілінде толтырылған және түрлі-түсті фотосуретпен қоса берілген өтініш (сауалнама-өтінім);
  • Білім туралы құжат пен оған қосымшаның нотариалды куәландырылған көшірмелері (білім туралы құжат пен оған қосымшаның мемлекеттік немесе орыс тіліне аударылған көшірмесімен бірге). Аударманы куәландыру Қазақстан Республикасының аумағында нотариус арқылы жүзеге асырылады;
  • Жеке басты куәландыратын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі (мемлекеттік немесе орыс тіліне аударылған көшірмесімен бірге). Аударманы куәландыру Қазақстан Республикасының аумағында нотариус арқылы жүзеге асырылады;
  • Білім туралы құжатты берген оқу орнының лицензиясы және/немесе аккредитация куәлігінің көшірмесі;
  • Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау туралы куәлік;
  • Денсаулық жағдайы туралы № 075 анықтама (АИТВ, безгек, нәжіс талдауы). Барлық медициналық анықтамалар Қазақстан Республикасының аумағында жасалады;
  • Колледж дипломына апостиль қою (орта арнаулы білімі барлар үшін);
  • 3*4 өлшеміндегі 6 фотосурет;
  • Қазақстан Республикасынан тыс жерде берілген білім туралы құжаттар нострификациялау рәсімінен өтеді.
Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау туралы өтініш беру кезінде төмендегі құжаттар ХҚКО-ға ұсынылады:
  • Білім туралы құжаттарды тану туралы өтініш;
  • Білім туралы құжат пен оған қосымшаның нотариалды куәландырылған көшірмелері (мемлекеттік немесе орыс тіліне аударылған көшірмесімен бірге). Аударманы куәландыру Қазақстан Республикасының аумағында нотариус арқылы жүзеге асырылады;
  • Жеке басты куәландыратын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі (мемлекеттік немесе орыс тіліне аударылған көшірмесімен бірге). Аударманы куәландыру Қазақстан Республикасының аумағында нотариус арқылы жүзеге асырылады;
  • Білім туралы құжатты берген оқу орнының лицензиясы және/немесе аккредитация куәлігінің көшірмесі;
  • Қызмет алушының өкілі жүгінген жағдайда, өкілдің жеке басын куәландыратын құжат және өкілеттігін растайтын құжат;
  • Төлем түбіртегі.
Online қабылдау