Стипендиялық бағдарламалар

«Болашақ» халықаралық стипендиясы

«Болашақ» халықаралық стипендиясы Қазақстан Республикасының Тұңғыш ПрезидентіЕлбасы Н.Ə.Назарбаевтың 1993 жылғы 5 қарашадағы Қаулысымен құрылған. Бағдарламаның мақсаты – ел экономикасының басым секторлары үшін кадрлар мен мамандар даярлау. Бағдарлама академиялық оқуды (магистратура, докторантура) және әлемнің жетекші компаниялары мен университеттерінде ғылыми-өндірістік тағылымдамадан өтуді қамтиды.

 

2021 жылғы 17 мамырда Тұран университеті «Болашақ» стипендиясын тағайындау ережелері мен шарттарын егжей-тегжейлі түсіндіруге арналған онлайн брифингке қатысты.

 

Ресми сайты

Герман академиялық алмасу қызметі (DAAD)

DAAD қызметінің басты мақсаты – Германияда және шетелде жас ұрпақты ғылым мен мәдениет, экономика және саясат салаларында қолдау, ашықтық пен өзара түсіністік рухында тәрбиелеу, сондай-ақ неміс жоғары оқу орындарының интернационалдығы мен беделін арттыру, шетелдің жоғары оқу орындарында Германияның германистикасын, неміс тілін, әдебиеті мен елтануын қолдау болып табылады.

 

Ресми сайты

“Мевлана” алмасу бағдарламасы

Бағдарламаның мақсаты – Түркияның жоғары оқу орындары мен басқа елдердің жоғары оқу орындарының қызметкерлері мен студенттері арасында академиялық алмасу.

 

  • Мевлана бағдарламасы Түркиядағы негізгі білім беру бағдарламаларының бірі болып табылады.
  • Студенттер шетелде бір (ең аз) немесе екі (максималды) семестр оқи алады.
  • Оқытушылар шетелде бір аптадан (кем дегенде) үш айға дейін (максималды) дәріс оқи алады.
  • Ресми сайты
Online қабылдау