Қоғамның игілігі үшін мәдениет, білім және ғылым
«Тұран» кітапханасы — бұл білім алушылар мен оқытушылар үшін қолайлы жұмыс орны. Кітапхана университетіміздің Жолбарыс-гид маскоты бейнеленген үлкен интерактивті экранмен жабдықталған. Ол кітапхана жайлы, оның қызметтері, ресурстары мен жобалары туралы айтып береді. Сабақтар мен емтихандарға дайындалу үшін немесе жобаларды орындау үшін пайдалануға арналған жылдам интернеті бар қуатты компьютерлермен жабдықталған.
Магистранттар, докторанттар және оқытушылар үшін диссертациялар, газеттер, ғылыми журналдар және шетел әдебиеттері бар ғылыми кабинет бар.
Оқу залында «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: МӘҢГІЛІК ЕЛ АЛЫПТАРЫ» атты тақырыптық бұрыш ұйымдастырылған. Ол Ахмет Байтұрсынұлы, Мұхтар Әуезов, Ғабит Мусірепов және Ғабиден Мұстафин мерейтойларына арналған.
Біз олардың шығармаларынан университетіміздің миссиясына сәйкес келетін үзінділерді таңдадық.
Көрмені дайындау барысында ҚР Орталық мемлекеттік кинофотоқұжаттары мен дыбыс жазбалары мұрағатынан алынған бірегей фотоқұжаттар пайдаланылды.
Бұл рецензиялар, біздің оқырмандардың әдебиетті таңдау бойынша ұсыныстары, оқу тақырыбы бойынша мастер-класстар.
Кітап клубы