ӨЗІНЕ СЕНГЕНДЕРГЕ ЖӘНЕ ТАБЫСҚА АРНАЛҒАНДАРҒА

Алматы қаласы, Сатпаев көшесі, 16а
Қабылдау комиссиясы +7 727 260 40 00

Медициналық-сауықтыру орталығы

«Тұран» университетінің медициналық-сауықтыру орталығы (МСО) университет құрылған күннен бастап жұмыс істейді және оның құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

 

МСО мақсаты оқу процесін медициналық сүйемелдеуді қамтамасыз ету, университет студенттері мен қызметкерлеріне көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын арттыру, олардың денсаулығын нығайтуға жәрдемдесу болып табылады.

 

Міндеттері:

– білім беру процесіне қатысушыларға жарақаттар, өткір және созылмалы аурулар кезінде алғашқы көмек көрсету;

– білім беру процесіне қатысушылардың науқастануы мен жарақаттануының алдыналу бойынша профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;

– білім алушылар мен қызметкерлердің санитарлық мәдениетінің деңгейін арттыру бойынша санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізу;

– университетте оқу процесін ұйымдастырудың санитарлық-гигиеналық жағдайларының белгіленген талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ету;

– ыстық тамақтың ұйымдастырылуын бақылауды қамтамасыз ету.

Қызметтің негізгі бағыттары:

 

-Білім алушылардың денсаулығын сақтау және нығайту бойынша емдеу-профилактикалық іс-шаралар кешенін ұйымдастыру және өткізу.

– Университет қызметкерлерінің денсаулығын сақтау және нығайту бойыншаіс-шаралар өткізу.

– Университетте оқу процесін ұйымдастырудың санитарлық-гигиеналық жағдайларының белгіленген талаптарға сәйкестігін бақылау.

 

Өз қызметінде ҚР заңнамалық және заңға тәуелді нормативтік-құқықтық актілерін, оның ішінде денсаулық сақтау және білім беру саласындағы актілерді, «Тұран» университетінің даму стратегиясын, университеттің сапаны қамтамасыз ету саясатын және МСО сапа саласындағы мақсаттарын,  жарғысын басшылық қаалады.

МСО жұмысы медициналық-сауықтыру орталығы туралы ережеге сәйкес ұйымдастырылады.

МСО штаттық құрамына: медициналық-сауықтыру орталығының меңгерушісі Родионова Татьяна Николаевна, медбике Манабаева Перизат Женисхановна кіреді

Жұмыс кестесі: 10.00-ден 17.00-ге дейін, № 108 кабинет

COVID-19

Сайттың бұл бөлімінде коронавирустық инфекцияның (COVID-19) таралуына байланысты эпидемиологиялық жағдай туралы өзекті ақпарат және қызметкерлер мен студенттерге коронавирустық инфекцияның алдыналу бойынша ұсыныстар жарияланады

Бастапқы белгілері
Насморк
Сухой кашель
Боль в горле
Екінші симптомдар
Температура
Пневмония
Удушение

Симптомдар инфекциядан кейін 14 күн ішінде пайда болуы мүмкін:

 

Вирус қалай таралады?

Науқас адаммен тығыз байланыста
Ауа-тамшы жолымен: түшкіру мен жөтелден
Инфекцияланған бетпен байланыста

Дайын бол

Ақпаратты тек сенімді ақпарат көздерінен алыңыз. Коронавирус туралы барлық фактілерді тексеріңіз, пошталық хабарламалар мен жалған мәліметтерге сенбеңіз
Масканы киіңіз, әсіресе физикалық қашықтықты сақтай алмасаңыз
Қолыңызды сабынмен үнемі жуыңыз. Антисептикті мүмкіндігінше жиі қолданыңыз
Шынтағыңызбен түшкіріңіз. Жөтелге арналған арнайы майлықтарды қолданыңыз. Қолданғаннан кейін әрдайым қолыңызды жуыңыз.

Әрекет етіңіз

Басқа адамдардан ауру көрінбесе де, кем дегенде 1 метр қашықтықта жүріңіз.
Бетіңізді лас қолмен ұстамаңыз
Сіздің орналасқан жеріңізді дезинфекциялаңыз
Ортақ ыдыстардан тамақ ішуге болмайды
Ортақ гигиена құралдарын пайдаланбаңыз

Өзін-өзі емдеуге болмайды. Егер сізде коронавирустың, ЖРВИ немесе тұмаудың белгілері бар деп күдіктенсеңіз, дереу жедел жәрдем шақырыңыз

Выбор языка: