ӨЗІНЕ СЕНГЕНДЕРГЕ ЖӘНЕ ТАБЫСҚА АРНАЛҒАНДАРҒА

Алматы қаласы, Сатпаев көшесі, 16а
Қабылдау комиссиясы +7 727 260 40 00

МВА (Каз)

MBA (Master of Business Administation) білім беру бағдарламасының мақсаты – бизнес саласында заманауи білімі мен дағдылары бар, процестер мен кадрлық активтерді басқара алатын, компанияның стратегиясын құра алатын, стратегиялық мүмкіндіктерді анықтай алатын басқарушы кадрларды даярлау және ғылыми міндеттерді орындау арқылы ғылыми жетістіктерге жету.

 

Оқыту түр: күндізгі
Оқу тілі: орыс / ағылшын
Оқу мерзімі: 2 жыл
Бағдарлама құны:


Жылына 1 000 000 теңге (орыс тілінде)
1 400 000 теңге / жыл (ағылшын тілінде)

 

Оқыту аяқталғаннан кейін бағдарлама түлектеріне диплом және іскерлік әкімшілік магистрі
академиялық дәрежесі беріледі.

 

БАҒДАРЛАМАНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ:

  1. Тәжірибеге бағдарланған оқыту (мастер-класстар, практиктердің шақыруымен қонақ дәрістер);
  2. білім беру бағдарламасының заманауи нарық талаптары мен жұмыс берушілердің
    сұраныстарына жауап беретін инновациялық курстары: «Дизайнды ойлау», «Заманауи
    көшбасшының тиімді дағдылары», «Халықаралық бизнес»;
  3. шешуші құзыреттіліктің қалыптасуына ықпал ететін оқытудың интерактивті әдістерін
    (интерактивті дәрістер, жарнамалық бейнероликтер, кейс-стади, рөлдік және іскерлік ойындар,
    презентациялар, бизнес-жобалар) қолдану;
  4. Оқу процесінде компьютерлік технологияларды қолдану;
  5. Оңтайлы және тиімді басқару шешімдерін қабылдауға ықпал ететін практикалық
    тапсырмаларды, баспасөз конференцияларын, презентацияларды, бизнес-жобаларды және т.с.с
    орындау барысында студенттердің кревтивті, шығармашылық ойлауын қалыптастыру және
    дамыту;
  6. General MBA бағдарламасы бойынша жоғары біліктілігі мен кәсіби құзыреттілігі бар түлектерге
    деген сұраныс, бұл олардың жұмыспен қамтылуының жоғары пайызымен расталады;
  7. Ғылыми мансап пен бизнес құрылымдарындағы жұмысты үйлестіру.

ОҚЫЛАТЫН КУРСТАР

Кәсіби құзыреттілікті қалыптастыруға арналған пәндер блогы

 

  1. Стратегиялық басқару және кәсіпкерлік саясат
  2. Бизнес- зерттеу
  3. Ұйымдастырушылық мінез-құлық
  4. Корпоративтік қаржы
  5. Қаржылық және басқарушылық есеп
  6. Стратегиялық маркетинг
  7. Операцияларды басқару
  8. Басқаруды өзгерту
  9. Халықаралық бизнес

Жеке тұлғаны дамыту және көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру пәндерінің блогы

 

  1. Көшбасшылық және этика
  2. Көпшілік алдында сөйлеу технологиялары
  3. Дизайнды ойлау
  4. Заманауи көшбасшының тиімді дағдылары
ОҚЫТУШЫЛАР, БИЗНЕС-ТРЕНЕРЛЕР
Выбор языка: