Тұран университетінің докторанттары мен ПОҚ үшін ғылыми-әдістемелік семинар.

2022 жылдың 9 наурызда “Тұран” университетінде оқытушылар мен докторанттарға арналған “Partial Least Squares, Structural Equation Modelling” атты ғылыми-әдістемелік семинар өтті. Семинарды докторантура бөлімі ұйымдастырды. Семинар спикері ретінде бизнес-тренер, “Тұран” университетінің шақырылған профессоры Угур Чобан (PhD, Malaysia) болды.

 

Семинарда Smart PLS 3 бағдарламасын қолдана отырып, зерттеу деректерін өңдеу және талдау оқытылды. Smart PLS 3 – жасырын айнымалыларды модельдеуге мүмкіндік беретін бағдарлама. Ол деректерді талдаудың ең заманауи әдістері мен процедураларын қарапайым және интуитивті графикалық пайдаланушы интерфейсімен біріктіреді.

 

Семинар соңында барлық қатысушыларға сертификаттар берілді.

Қабылдау комиссиясы