Yeditepe университетінде «Тұран» университетінің PhD докторанттарының шетелдік ғылыми тағылымдамасы ның барысы туралы

2022 жылдың 24 сәуірінде «Экономика», «Менеджмент», «Қаржы», «Құқықтану» білім беру бағдарламаларында оқитын 2 курстың он екі докторанты, сондай-ақ «Журналистика» және «Халықаралық қатынастар» білім беру бағдарламаларының үш магистранты Түркияның заманауи университеттерінің бірі – Yeditepe университетінде (Стамбул қ.) шетелдік ғылыми тағылымдамадан өтуді бастады.

 

Yeditepe университеті 1996 жылы ISTEK Стамбул Білім және мәдениет қорымен құрылды. Yeditepe Университетінде 13 факультет және қолданбалы ғылымдар мектебінде 6 кафедра академиялық қызметін жүзеге асырады. Университетте новаторлық академиялық және әкімшілік қызметкерлер жұмыс істейді, олардың мақсаты – бизнес әлемінде сұранысқа ие, білікті мамандарды тәрбиелеу болып табылады. Yeditepe университеті – 10 ғылыми-зерттеу және қолданбалы орталықтардың көмегімен ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын зерттеу университеті. Yeditepe университеті академиялық және студенттік алмасудың халықаралық бағдарламаларына белсенді қатысады. Соңғы бірнеше жыл ішінде университет Түркияның үздік 30 жоғары оқу орындарының тізіміне тұрақты түрде еніп келеді.

 

2022 жылдың 27 сәуірінде Yeditepe университетінің проректоры, профессор Ахмет Айдынмен (Ahmet Aydın) кездесу өтті, докторанттар оған “Тұран” университетінің ректоры Р.А. Алшановтың атынан алғыс хат табыс етті.

 

Тағылымдама бағдарламасы өте мазмұнды; бизнес, басқару, қаржы, құқық, халықаралық қатынастар, журналистика және PR бағыттары бойынша жетекші профессорлармен кездесулер мен семинарларды қамтиды. Осылайша, “Қаржы” докторанттары Vakıfbank практикалық семинарынан өтті.

 

Заң профессоры Месут Хаккы Кашин Twitter парақшасында Тұран университетінің докторанттарымен кездесуін бөлісті.

 

Тағылымдама аяқталғаннан кейін Yeditepe университетінде тағылымдамадан өткен барлық докторанттар мен магистранттарға сертификаттар беру жоспарлануда.

Қабылдау комиссиясы