«Болашақ» қауымдастығы мен Тұран университеті арасындағы бірлескен ынтымақтастық туралы Меморандум

2022 жылдың 31 мамырында Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының түлектері Қауымдастығы мен «Тұран» университеті арасында Бірлескен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

 

Осы меморандум аясында әлемнің үздік университеттерінде білім алған стипендиаттар біздің студенттерге семинар мен тренингтер өткізеді. Меморандумға қол қойылғаннан кейін бірден Эдинбург университеті (University of Edinburgh) мен Гериот-Ватт (Heriot-Watt University) университетінің «Болашақ» бағдарламасының түлегі, жаңартылған энергия көздері және смарт желілер және энергияны тұтынуды басқару магистрі Жәнібек Байдолла баяндама жасады.

 

Нұр-Сұлтан қаласындағы Стратегиялық бастамалар орталығының Директоры Жәнібек Байдоллаға экономика мен білім саласын цифрландыру туралы осындай қызықты сұхбаты үшін университет атынан алғыс айтамыз!

Қабылдау комиссиясы