Workshop – «Жасанды интеллект»

«Тұран» университетінің 30 жылдығына орай «Жаһандық өзгерістер: Ғылым мен білімнің сын-тегеуріндері»  Халықаралық ғылыми-практикалық форум аясында, 2022 жылғы қазан айының 5-і күні «Компьютерлік және бағдарламалық инженерия” кафедрасы “Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету” және “Бағдарламалық инженерия” білім беру бағдарламасының студенттері үшін “Жасанды интеллект” тақырыбында workshop ұйымдастырды. Модератор – Ускенбаева Раиса Кабиевна, т.ғ.д., профессор, Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ «Автоматика және ақпараттық технологиялар институтының» директоры.

 

Раиса Кабиевна жасанды интеллект (AI) туралы идеялардың дамуы, осы саладағы соңғы жетістіктер және жасанды интеллекттің қазіргі мүмкіндіктері туралы айтып, қазіргі уақытта жасанды интеллект жүйелерінің қалай құрылатынын көрсетті. Сондай-ақ алдағы 5-10 жылда осы білім саласының даму перспективалары туралы айтты.

Қабылдау комиссиясы