«Менің кәсібім – менің мақтанышым» бухгалтерлер мен аудиторлардың кәсіби мерекесіне арналған зияткерлік конкурс

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да 2022 жылдың 18 қазанында Алматы қаласының 10 жоғары оқу орнынан  «Есеп және аудит» білім беру бағдарламасының студенттері арасында бухгалтерлер мен аудиторлардың кәсіби мерекесіне орай конкурс өтті. Тұран университетінен екі команда «Есеп және аудит» БББ 4 курс студенттерінен ұсынылды: «Тұран» қазақ бөлімі (Бижігіт Д, Әділқанова Э., Самарханов Б., Сырымова А., Сырлыбаева Е.) және «Алмаз»  орыс бөлімі (Жаворонкина А., Эмрих М., Тасболатова Ж., Кадирдинов К., Касабаева А.).

 

Біздің студенттер есеп және аудит саласында белсенділік танытып жоғары білім көрсетті, тиісінше жүлделі орындарға ие болды: «Алмаз» командасы I орын және «Тұран» командасы III орын иеленді. Студенттерімізді құттықтаймыз және оларға шығармашылық пен кәсибі  табыс тілейміз.

Қабылдау комиссиясы