«Turan Enterpreneurship-2023» қысқы кәсіпкерлік мектебі

2023 жылғы 9-13 Қаңтарда Тұран кәсіпкерлік университетінде Қазақстанның жоғары оқу орындары мен колледждерінің білім алушылары үшін “Turan Enterpreneurship-2023” онлайн қысқы кәсіпкерлік мектебі сәтті өтті. Қысқы мектепке келесі жоғары оқу орындары мен колледждерден 60 қатысушы қатысты: Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті, Алматы технологиялық университеті, “Тұран” университеті, Нархоз университетінің колледжі, “Тұран” университетінің колледжі, Алматы қ. инновациялық колледжі және т. б.

 

Онлайн Қысқы мектеп шеңберінде білім алушылар кәсіпкерліктің 6 модулі бойынша оқудан өтті: жобалау қызметінің негіздері, командалық білім беру, қаржылық сауаттылық негіздері, маркетингтің заманауи құралдары, бизнес тиімділігінің көрсеткіштері. Оқытуды жеке, мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдарда үлкен тәжірибесі бар бизнес-жаттықтырушылар жүргізді.

 

13 қаңтарда “Тау-Тұран” ҚББ-да қатысушылардың бизнес-жобалары қорғалды, оның қорытындысы бойынша қатысушылардың сертификаттары мен жеңімпаздардың дипломдары берілді.

Қабылдау комиссиясы