«Қазіргі жастардың кәсіби өзін-өзі жүзеге асыруы» қысқы мектебінің жабылуы

2023 ж. 3 ақпан «Тұран» университетінің «Аймақтану және халықаралық қатынастар кафедрасы» мен ИГСУ РАН ХиГС ұйымдастыруымен «Заманауи жастардың кәсіби өзін-өзі дамыту» атты қысқы мектептің салтанатты жабылу рәсімі өтті.

 

Бұл күні қысқы мектептің қатысушыларына «Тайм-менеджмент как инструмент самореализации молодежи» тақырыбындағы семинар-тренингті т.ғ.д., доцент, «Тұран» университетінің профессоры Букейханова Т.К. өткізді. Сондай-ақ Оглоблин В.В. ә.ғ.к., ИГСУ РАН ХиГС доценті «Профессиональная карьера молодежи. Как найти себя в мире профессий» тақырыбында семинар өткізді. Соңында қатысушылар ұйымдастырушы университеттер арасында академиялық ұтқырлықтың мүмкіндіктерімен танысты. «Тұран» университеті – ИГСУ РАН ХиГС «Халықаралық қатынастар» және «Басқару консалтингі» білім беру бағдарламалары бойынша бірлескен магистратура бағдарламасын талқылау өтті.

 

Қысқы мектеп «Тұран» университеті мен ИГСУ РАН ХиГС студенттері мен магистранттарына салтанатты түрде сертификаттар тапсырумен аяқталды. Тараптар осы іс-шараны өткізуге және ұйымдастыруға белсене қатысқандары үшін өзара ризашылықтарын білдірді, сондай-ақ ынтымақтастықты нығайтуда мұндай шараларды өткізудің маңыздылығын атап өтті.

Қабылдау комиссиясы