«Аймақтану және халықаралық қатынастар» кафедрасы жанындағы «Аймақтық зерттеулер орталығы» «Әлемдік мәдениеттегі «Манас» Қырғыз эпосының феномені» атты халықаралық дөңгелек үстел өткізді

«Аймақтану және Халықаралық қатынастар» кафедрасының жанындағы «Аймақтық зерттеулер орталығы» проф. А.К. Камаловтың жетекшілігімен «Орталық Азияның мәдени кеңістігі» бастамасы аясында қызметін жалғастыруда. 2023 жылғы 25 сәуірде Орталық “Әлемдік мәдениеттегі “Манас” Қырғыз эпосының феномені” тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өткізді, онда қырғыз халқының Қырғызстанның ұлттық символы және сонымен бірге Орталық Азияның зияткерлік тарихының маңызды бөлігі болып табылатын көрнекті эпикалық туындысы талқыланды. Дөңгелек үстел жұмысын «Тұран» университетінің стратегиялық даму, ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры, проф. Д.И. Разакова және сыртқы байланыстар және докторантура жөніндегі проектор, проф. Г.Ж. Таяуова ашты. Кездесудің пленарлық бөлімінде Қырғызстаннан келген қонақтар – проф. Д.Ж. Асакеева мен А.О. Бакешева, сондай-ақ ЖБжҒМ ҒК М.О. Әуезов атындағы әдебиет және мәдениет институтының бас ғылыми қызметкері, проф.  А.Т. Хамраев «Манас» қырғыз эпосы, оның ерекшеліктері мен маңызы туралы баяндамалар жасады. Дөңгелек үстелге қатысушылар қырғыз эпосын кәсіби «манасшы» Ашырбек уулу Суйундук пен Қалыбек уулу Нұрбектің орындауында тыңдауға мүмкіндік алды. Талқылауға Алматы қаласындағы Қырғыз Республикасы Бас консулдығының Вице-консулы Н.О. Олжабаев, Алматы қаласындағы Түркия консулдығының білім беру мәселелері жөніндегі атташесі Мехмет Кираз, «Мирас» қырғыз этномәдени орталығы төрағасының орынбасары Г.Б. Стамбекова, сондай-ақ Алматы қаласындағы этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты. Дөңгелек үстел «Туран дунияси» түркі халықтарының мәдениет қорымен (директоры – К. Н.Махпиров), «Мирас» қырғыз этномәдени орталығымен және «Тұран» университеті жанындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының кафедрасымен бірлесіп өткізілді.

Online қабылдау