Шақырылған шетелдік ғалым «Ethics of scientific research» және «Digital technology and Creativity» тақырыбында семинарлар өткізді

2023 жылдың 5 қыркүйегінде «Тұран» университетінде магистранттарға арналған «Ethics of scientific research» тақырыбында семинар өтті. Іс-шараның нәтижесінде магистаранттар жауапты мінез-құлық, адалдық, деректерді басқару және ғылыми зерттеулердегі жариялау этикасы туралы ақпарат алды.

 

Сонымен қатар, 6 қыркүйекте бакалавриат студенттеріне  арналған «Digital technology and Creativity» семинары өтті. Қатысушылар креативтілікті арттыру және инновацияны ынталандыру үшін цифрлық технологияларды пайдаланудың жаңа трендтерін, озық тәжірибелері мен тиімді стратегияларын зерттеуге мүмкіндік алды.

 

Семинарларды Лондон Рейвенсборн  университетінен (Ұлыбритания) шақырылған сарапшы, қауымдастырылған профессор және PhD докторы,  Дабабрата Чоудхури жүргізді.

Online қабылдау