Халықаралық Институционалдық АккредиттеУ шеңберіндЕ АРТА (IAAR) сыртқы сараптама комиссиясының сапары аяқталды

2024 жылы 2 сәуірде халықаралық институционалдық аккредиттеу шеңберінде Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігінің (АРТА) сыртқы сараптау комиссиясының «Тұран»  университетіне сапары аяқталды.

 

Бағдарламаға сәйкес екінші күннің қорытындысы бойынша түлектер мен жұмыс беруші өкілдермен сұхбаттар, кездесулер ұйымдастырылды. Сондай-ақ сарапшылар оқытушылар құрамының жоспарлы сабақтарына қатысып, кафедралар мен басқа да бөлімдердің құжаттамаларымен жұмыс істеді және университеттің тәжірибелік базаларын аралады. Университет ұсынған ішкі нормативтік құжаттарды зерделеу, материалдық-техникалық базаны тексеру және қызметкерлермен, білім алушылармен, жұмыс берушілермен, түлектермен сұхбат негізінде сараптама тобы университеттің білім беру қызметінің сапасын одан әрі арттыру мақсатында бірқатар ұсыныстар әзірледі. Ұсынымдар сыртқы сараптама комиссиясының университет басшылығымен қорытынды кездесуінде ұсынылды.

Online қабылдау