«Аймақтану және халықаралық қатынастар» кафедрасының студенттеріне арналған Қазақстандағы БҰҰ бітімгершілік операциялар орталығының сертификатталған курсы

2024 жылдың 9 ақпанынан 17 мамырға дейін бір есеместр аралығында Тұран университеті «Аймақтану және халықаралық қатынастар» кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Бітімгершілік операциялар орталығының қолдауы аясында «БҰҰ бітімгершілік қызметі» курсы халықаралық қатынастар және аймақтану студенттеріне арналып өтті.

 

Қазақстанның бітімгершіліктегі рөлі – БҰҰ-ның қарамағындағы елдерге қақтығысты жағдайдан шығудың қиын кезеңін бастан өткеруге көмектесудегі ең тиімді құралдарының бірі. Оның заңдылық, ортақ жауапкершілік және бүкіл әлемнен әскери, полиция және азаматтық құрамдастарды орналастыру және қолдау сияқты бірегей артықшылықтары бар.

 

Курсты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Бітімгершілік операциялар орталығының әртүрлі дәрежедегі командир-лекторлары шақырылып, «БҰҰ бітімгершілік іс-шараларының» 15 апталық түрлі тақырыптар аясында өтті, мысалы: «БҰҰ-ның бейбітшілік пен қауіпсіздік саласы», «БҰҰ бітімгершілік қағидаттары», «БҰҰ-ның құқықтық базасы», «Адам құқықтарын, әсіресе әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау» және т.б.

 

Курстың мақсаты студенттерге БҰҰ бітімгершілік қызметінің қағидаттарын, нұсқауларын және саясатын, сондай-ақ бітімгершілік операцияларда халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтарын қолданудың кейбір аспектілерін зерделеу болды.

 

Курс соңында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Бітімгершілік операциялар орталығының командирлері «Аймақтану және халықаралық қатынастар» кафедрасының студенттеріне сертификаттар тапсырып, нәтижесінде «Тұран» университетінің бірнеше студенті Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Бітімгершілік операциялар орталығы шеңберінде практикадан өтуге шақырылды.

Online қабылдау