Нормативтік құжаттамалар

«Тұран» университетінің білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттары туралы ақпарат

«Тұран» университетінің дипломдары мен оларға қосымшаларды ҚР Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы әзірлеген.

 

«Тұран» университетінің білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттардың бланкілері мен қосымшаларында:

  1. Бітірушінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда);
  2. Білім беру бағдарламасының (мамандықтың) коды және атауы;
  3. Берілетін дәреже (болған жағдайда);
  4. Дәреже беру туралы аттестаттау комиссиясы отырысының хаттамасының күні мен нөмірі (болған жағдайда) болады.

Университет дипломы қолдан жасаудан су таңбалармен, ҚР БҒМ жасалған және Ұлттық білім беру деректер қорында тіркелген бірегей сәйкестендіру нөмірімен, ҚР БҒМ сайтында дипломның тұпнұсқаулығын тексера алатын QR-кодпен қорғалған.

 

«Тұран» университетінің білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттарында университеттің және АРТА институционалдық аккредиттеу жөніндегі аккредиттеу агенттігінің логотиптері орналастырылған. 

 

«Тұран» университетінің білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттардың қосымшаларында университеттің және АРТА білім беру бағдарламаларын мамандандырылған аккредиттеу жөніндегі аккредиттеу агенттігінің логотиптері орналастырылған.  

 

«Тұран» университетінің білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттардың бланкілері мен қосымшалары мемлекеттік, ағылшын және орыс тілдерінде толтырылған. 

 

«Тұран» университетінің білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттарында ректордың, аттестаттау комиссиясы төрағасының және техникалық хатшының қолдары бар. 

 

«Тұран» университетінің білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттардың қосымшаларында ректордың, деканның және техникалық хатшының қолдары бар. 

Online қабылдау