Мамандықтың студенттері халықаралық қатынастардың қазіргі кездегі процестерін, халықаралық саяси, әскери, экономикалық қақтығыстарды, халықаралық ұйымдардың қызметтерін, әлемдік саясаттың дамуындағы үрдістер мен мәселелерді, ҚР ұлттық қауіпсіздік мәселелерін және т.б. мәселелерді зерттейді. Алынған білімдер, сонымен қатар бір батыс және бір шығыс тілін меңгеру мамандықты бітірушілерге Қазақстанның, оның компаниялары мен фирмаларының халықаралық аренаға шығуын қамтамасыз етуде өз үлестерін қосуға мүмкіндік береді.
Академиялық дәрежесі: гуманитарлы ғылымдар бакалавры
Мамандық коды: 6В03101
Оқыту нысаны: күндізгі, күндізгі қашықтықтан оқыту технологияларын қолдана отырып
Оқу мерзімі:
Білім беру бағдарламалары:
Өзекті және эксклюзивті курстар:
Біздің серіктестер:
Халықаралық серіктестік
Университеттермен (мамандықтар бойынша) логотиптермен халықаралық серіктестік. Студенттердің халықаралық бағдарламаларға қатысуы (алмасу бағдарламалары). Екідипломдық бағдарламалар. Қауымдастықтардағы мүшелік. Академиялық мобилділік.
Біздің студенттер серіктестеріміздің жазғы мектептерінде тағылымдамадан өтіп тұрады. Сонымен қатар, AISEC еріктілер жобасына, Түрік үкіметінің Mevlana жобасына қатысады.
Мамандық студенттері өздерінің кәсіби бейімдіктерін конференция мен рөлдік ойындардың өзіндік синтезі болып табылатын MUN (БҰҰ Үлгісі) арқылы дамытады.
Магистратура «7M03101-Халықаралық қатынастар» (магистратура – ғылыми-педагогикалық бағыт), «7M03105-Халықаралық қатынастар» (магистратура – мамандандырылған бағыт) бағыттары бойынша әлемдік саясатты оқып үйренуге және бағалауға, халықаралық қатынастардың ұлттық, аймақтық және жаһандық аспектілерінің даму динамикасын зерттеуге және талдауға мүмкіндік береді.
«7M03101-Халықаралық қатынастар» (магистратура ғылыми-педагогикалық бағыт), «7M03105-Халықаралық қатынастар» (магистратура – мамандандырылған бағыт) оқу бағдарламалары бойынша оқу процесі келесі оқыту формалары бойынша ұйымдастырылған: мамандандырылған магистратура – 1 (1,5) жыл; Ғылыми-педагогикалық магистратура – 2 жыл.
Оқыту тілдері – қазақ, орыс, ағылшын. Бітірушілерге «7M03101 – Халықаралық қатынастар» (магистратура – ғылыми-педагогикалық бағыт), «7M03105 – Халықаралық қатынастар» (магистратура – мамандырылған бағыт) білім беру бағдарламасы бойынша гуманитарлық ғылымдар магистрі академиялық дәрежесі беріледі. 2017-18 оқу жылынан бастап «7M03101–Халықаралық қатынастар» (магистрлік бағдарлама – ғылыми-педагогикалық бағыт), «7M03105 – Халықаралық қатынастар» (магистрлік бағдарлама – мамандандырылған бағыт) магистранттарға білім беру бағдарламасы аясында оқу траекториясын таңдау ұсынылады:
Магистранттарға қосымша шет тілін: қытай немесе түрік тілдерін, сонымен қатар кәсіпкерлік компонентін таңдауды таңдауға мүмкіндігі беріледі.
Академиялық дәрежесі: гуманитарлық ғылымдар магистрі
Мамандық коды:
7M03101 – Ғылыми-педагогикалық бағыт
7M03105 – Мамандырылған бағыт
Қабылдау емтихандары: кешенді емтихан + шет тілі
Оқу түрі: күндізгі
Оқу мерзімі: жоғары білім алғаннан кейін 2 жыл
Білім беру бағдарламалары:
Өзекті және эксклюзивті курстар
Білім беру бағдарламасының ерекшелігі – шет тілдерін – ағылшын және мамандандырылған елдердің тілін (түрік және қытай тілдерін) тереңдетіп оқыту. Сонымен қатар, көптілді білім беруді енгізу арқылы магистранттардың тілдік дайындығы жақсарады. Магистранттарға халықаралық қатынастар теориясы мен тарихы бойынша «Theory of international relations», «Тheory of postcolonializm», «Nation and History» пәндері ағылшын тілінде оқытылады. Сонымен қатар қытай немесе түрік тілдерін оқыту курстары енгізілді: «Қытай (Түрік) тілі», «Қытай (Түрік) тілінің саяси лексикасы».
Біздің серіктестер:
Халықаралық бағдарламалар
Біздің магистранттар серіктестеріміздің жазғы мектептерінде тағылымдамадан өтеді. Олар сонымен бірге AISEC еріктілер жобасына, Түркия үкіметінің Мевлан жобасына қатысады.
Мансаптық болашақ (мамандықтар):
Алынған білім түлектерге Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде, Қазақстан Республикасының елшіліктері мен консулдықтарында, сыртқы қатынастар, әлемдік саясат, халықаралық ұйымдар және трансұлттық корпорациялар саласында жұмыс істейтін Қазақстан Республикасының әртүрлі мемлекеттік органдары мен ұйымдарында жұмыс істеуге мүмкіндік береді.