Халықаралық қатынастар

Бакалавриат
Магистратура

Білім беру бағдарламасының шифры: 6В03101

 

Академиялық дәрежесі: әлеуметтік білім бакалавры

 

Оқыту нысаны: күндізгі, қысқартылған күндізгі нысан

 

Оқу мерзімі:

 

  • Орта білімнен кейін 4 жыл
  • Орта кәсіби білімнен кейін 3 жыл
  • Жоғары оқу орнынан кейін 2 жыл

 

“Халықаралық қатынастар” білім беру бағдарламасының мақсаты – шет мемлекеттердің сыртқы саясатының негізгі бағыттарын, олардың дипломатиясы мен Қазақстанмен қарым-қатынасының ерекшеліктерін түсіне білетін; қазіргі заманғы динамика мен халықаралық қатынастар жүйесінің даму болашағын бағдарлай алатын; дипломатиялық этикет пен хаттаманың негіздерін тәжірибеге енгізе білетін; еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілікті талдай отырып, кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыруда білімдерін көрсететін; мәдениетаралық қарым-қатынаста кәсіби шет тілдерін қолдана алатын қазіргі заманғы жаһандық процестерді саяси, экономикалық және дипломатиялық аспектілерде бағалауға негіз болатын білімі бар халықаралық қатынастар саласының жоғары білікті мамандарын даярлау.

 

Халықаралық қатынастар” білім беру бағдарламасының ерекшеліктері:

 

  • Екі шет тілін үйрену (Ағылшын-негізгі, қытай/түрік-таңдау бойынша). Студенттер бірінші курстан бастап бүкіл оқу кезеңінде шет тілдерін оқитын болады;
  • Халықаралық қатынастар саласында қызмет ететін мемлекеттік құрылымдардың – ҚР Сыртқы істер министрлігінің, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік басқару органдарының, сондай-ақ әлемдік саясат және әлемдік экономика саласында жұмыс істейтін ұйымдардың кәсіби қызметінің ерекшеліктері туралы білімді қалыптастыру; көпжақты және интеграциялық дипломатия тетіктерін бағдарлай білу
  • Жетекші шет мемлекеттердің сыртқы саясатының негізгі бағыттарын, Қазақстанмен өзара қарым-қатынас ерекшеліктерін зерделеу
  • Халықаралық қауіпсіздік жүйелерінің негізгі сипаттамаларының динамикасын бақылау, ұлттық және халықаралық қауіпсіздік контекстінде жаһанданудың ерекшеліктерін талдау және дамыту дағдыларын меңгеру
  • Халықаралық жүйелердің архитектурасын түсіну, халықаралық және аймақтық ұйымдар қызметінің мақсаттары мен қағидаттарын айқындай білу; халықаралық институттардың Қазақстанның сыртқы саяси қызметіне рөлі мен әсерін бағалау

“Тұран” университетінде «Халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық орталығы» жұмыс істейді, оның шеңберінде білім алушылар үшін де, оқытушылар үшін де түрлі іс-шаралар өткізіледі.

 

Біріккен Ұлттар ұйымының (БҰҰ) Қазақстандағы өкілдігі мен “Тұран” университеті арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды

 

“Халықаралық қатынастар” білім беру бағдарламасының студенттері үшін дәрістер мен мастер-класстарды БҰҰ Жаһандық коммуникациялар департаментінің өкілі В.Самек, ҚР СІМ Алматы қаласындағы өкілдігінің Саяси ынтымақтастық басқармасының басшысы А.Аренова өткізеді. БҰҰ-ның Қазақстандағы өкілдігі базасында жекелеген оқу сабақтары өткізіледі.

 

“Халықаралық қатынастар” білім беру бағдарламасының студенттері жыл сайын алған теориялық білімдерін бекітуге және кәсіби қызметте қажетті практикалық дағдыларды қалыптастыруға бағытталған “TURAN MUN” халықаралық конференциясына қатысады. Конференция рөлдік ойын түрінде өтеді, онда студенттер БҰҰ комитеттерінің жұмысын көрсетеді.

 

“Халықаралық қатынастар” білім беру бағдарламасының студенттері академиялық мобильділік бағдарламасы аясында оқуға мүмкіндігі бар. 2020-2022 жылдар аралығында студенттер академиялық мобильділік шеңберінде Польша, Оңтүстік Корея, Түркия жоғары оқу орындарында білім алды.

 

“Халықаралық қатынастар” білім беру бағдарламасының студенттері студенттер мен магистранттардың ғылыми жұмыстарының республикалық конкурстарында жүлделі орындарға ие болды, сондай-ақ халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларға белсенді қатысқаны үшін грамоталармен марапатталды

 

“Аймақтану және халықаралық қатынастар” кафедрасының жанынан 2020 жылдан бастап “Аймақтық Зерттеулер Орталығы” жұмыс істейді, оның шеңберінде белсенді ғылыми қызмет жүргізіледі

 

Бағдарламаның ерекшеліктері

 

“Халықаралық қатынастар” білім беру бағдарламасының ерекшелігі халықаралық қатынастардың жай-күйін, әлемдік саясаттағы жаһандық процестердің ерекшеліктерін, Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастар жүйесіндегі орны мен рөлін кешенді зерттеуден тұрады. Оқыту барысында студенттер халықаралық деңгейдегі келіспеушіліктерді еңсеру қағидаттары, халықаралық келісімдерді дайындау мен жасақтауда, келіссөздерді ұйымдастыру мен жүргізуде қолданылатын негізгі құралдар туралы білім алады. Студенттер кем дегенде екі шет тілін меңгереді, оларды кәсіби және басқару міндеттерін шешу үшін қолдана алады.

 

“Атамекен” Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өткізген мамандарды даярлау деңгейлері мен бағыттарына сәйкес білім беру бағдарламалары бойынша ҚР ЖОО рейтингінің нәтижелері бойынша 2021 жылы “Халықаралық қатынастар” білім беру бағдарламасы (бакалавриат) 5-орынға ие болды.

 

Ағымдағы және эксклюзивті курстар

  1. Дипломатиялық және консулдық қызмет
  2. Халықаралық қатынастардың жаңа заман тарихы
  3. Қытай (түрік) тілі
  4. Халықаралық қатынастардың қазіргі заманғы жүйесі
  5. Халықаралық қатынастардың қазіргі мәселелері
  6. Халықаралық қатынастар теориясы
  7. Дипломатиялық келіссөздер жүргізу техникасы
  8. ХХ ғ. Орталық Азиядағы “үлкен ойын”
  9. Кәсіпкерлікке кіріспе
  10. Әлемдік державалардың Орталық Азияға ықпалы
  11. Қазіргі кезеңдегі халықаралық қатынастардағы діни экстремизмнің мәселелері
  12. Жаһандану және геосаясат
  13. Маманданған ел тілінде іскерлік хат алмасу
  14. Орталық Азиядағы Қытай дипломатиясы
  15. Халықаралық жария құқығы
  16. Халықаралық бизнес
  17. Әлемдік экономика және аймақтар
  18. Қазіргі заманғы қақтығыстар және оларды шешу әдістері
  19. Орталық Азия аймақтық қатынастар жүйесінде
  20. Шығыс тіліндегі іскерлік қарым-қатынас этикасы
  21. Әлемдік саясаттың өзекті мәселелері
  22. ҚР сыртқы саясаты
  23. Дипломатиялық құжаттама
  24. Көпжақты дипломатия
  25. Ағылшын тіліндегі академиялық хат
  26. XX ғ. Орталық Азиядағы Батыс дипломатияcы
  27. Қазақстан және БҰҰ
  28. Халықаралық және еуропалық қауіпсіздік
  29. Халықаралық ұйымдар
  30. Зерттеу әдістері және әдістемесі
  31. Ұлттық қауіпсіздік және халықаралық қатынастар
  32. Еуропалық Одақ дамуының негізгі кезеңдері

Біздің серіктестер

Сыртқы серіктестер:

 

  • Арел Университеті (Түркия)
  • Кастамону Университеті (Түркия)
  • Ankara Center for Crisis and Policy Studies (ANKASAM)
  • Стамбул Университеті (Стамбул)
  • Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет академиясы (РАНХиГС)
  • Волгоград мемлекеттік университеті
  • Н. И. Лобачевский атындағы Нижний Новгород мемлекеттік университеті
  • Варна еркін университеті (Польша)

 Ішкі серіктестер:

 

  • БҰҰ-ның Қазақстандағы өкілдігі
  • Қазақстан Республикасы Сыртқы Істер Министрлігінің Алматы қаласындағы Өкілдігі
  • Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институты (ҚСЗИ)
  • Қазақстан Республикасының Қызыл Жарты Ай Қоғамы
  • Орталық Азияның аймақтық экологиялық орталығы (ОААЭО)
  • Р. Б. Сүлейменов ат. Шығыстану институты. ҚР БҒМ Ғылым комитеті
  • “Философия, саясаттану және дінтану институты” ҚР БҒМ Ғылым комитеті
  • Еуразиялық ғылыми-зерттеу институты
  • Қазақстандық гуманитарлық-саяси конъюктура орталығы
  • Bolashaq халықаралық степендиаттар қауымдастығы
  • Ғылыми Ақпарат және Саяси Талдау орталығы

Мансаптық перспективалар

 

  • Референт
  • Дипломат
  • Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі маман
  • Халықаралық қатынастар жөніндегі маман
  • Сыртқы саясат шолушысы
  • Эксперт-талдаушы
  • Әлемдік саясат саласындағы талдаушы
  • Іс-шараларды жоспарлау және хаттама бөлімінің маманы
  • Аудармашы
  • Референт-аудармашы

 

Магистратура «7M03101-Халықаралық қатынастар» (магистратура – ғылыми-педагогикалық бағыт), «7M03105-Халықаралық қатынастар» (магистратура – мамандандырылған бағыт) бағыттары бойынша әлемдік саясатты оқып үйренуге және бағалауға, халықаралық қатынастардың ұлттық, аймақтық және жаһандық аспектілерінің даму динамикасын зерттеуге және талдауға мүмкіндік береді.

 

«7M03101-Халықаралық қатынастар» (магистратура ғылыми-педагогикалық бағыт), «7M03105-Халықаралық қатынастар» (магистратура – мамандандырылған бағыт) оқу бағдарламалары бойынша оқу процесі келесі оқыту формалары бойынша ұйымдастырылған: мамандандырылған магистратура – 1 жыл; Ғылыми-педагогикалық магистратура – 2 жыл.

 

Оқыту тілдері – қазақ, орыс, ағылшын. Бітірушілерге «7M03101 – Халықаралық қатынастар» (магистратура – ғылыми-педагогикалық бағыт), «7M03105 – Халықаралық қатынастар» (магистратура – мамандырылған бағыт) білім беру бағдарламасы бойынша әлеуметтік білім магистрі академиялық дәрежесі беріледі. 2017-18 оқу жылынан бастап «7M03101–Халықаралық қатынастар» (магистрлік бағдарлама – ғылыми-педагогикалық бағыт), «7M03105 – Халықаралық қатынастар» (магистрлік бағдарлама – мамандандырылған бағыт) магистранттарға білім беру бағдарламасы аясында оқу траекториясын таңдау ұсынылады:

 

  • 1 траектория – «Қытайдың сыртқы саясаты және халықаралық байланыстары»;
  • 2 траектория – «Түркияның сыртқы саясаты және халықаралық байланыстары».

Магистранттарға қосымша шет тілін: қытай немесе түрік тілдерін, сонымен қатар кәсіпкерлік компонентін таңдауды таңдауға мүмкіндігі беріледі.

 

Академиялық дәрежесі: Әлеуметтік ғылымдар магистрі

 

Мамандық коды: 

 

7M03101 – Ғылыми-педагогикалық бағыт

7M03105 – Мамандырылған бағыт

 

Қабылдау емтихандары: кешенді тестілеу

 

Оқу түрі: күндізгі

 

Оқу мерзімі: жоғары білім алғаннан кейін 1 және 2 жыл

 

Білім беру бағдарламалары:

 

  • Бағалары жақсы магистранттардың тағылымдамадан өту бағдарламалары;
  • Ағылшын тіліндегі ғылыми курстар;
  • Магистранттарға ағылшын, қытай, түрік тілдерін жетілдіруге көмектесетін тілдік клуб;
  • Беделді шетелдік профессорлар;
  • Қазақстан елшіліктері мен Сыртқы істер министрлігінде үлкен тәжірибесі бар профессорлар;
  • Университеттің және оның серіктестерінің жобаларына қатысу (MUN, AISEC, Mevlana).

 

Өзекті және эксклюзивті курстар

 

  • Қытай тілі
  • Түрік тілі
  • Халықаралық қатынастадағы ғылыми зерттеудің ерекшелегі
  • Халықаралық қатынастардың өзекті мәселелері
  • ҚХР/Түркияның сыртқы саясаттағы басымдылық стратегиясы
  • Халықаралық қатынастар теориясы
  • Постколониализм теориясы
  • Қытай тілінің саяси лексикасы
  • Түрік тілінің саяси лексикасы
  • Қытайдың қазіргі кездегі саяси жүйесі
  • Түркияның қазіргі кездегі саяси жүйесі
  • Әлемдік саясаттағы Орталық Азия
  • Әлемдік экономика мен энергетикадағы Орталық Азия
  • Түркия қазіргі заманғы геосаясат жүйесінде
  • Қазіргі заманғы геосаясат жүйесіндегі Қытай
  • Қазіргі геосаяси жүйедегі Орталық Азия
  • Еуразиялық зерттеулер

Білім беру бағдарламасының ерекшелігі – шет тілдерін – ағылшын және мамандандырылған елдердің тілін (түрік және қытай тілдерін) тереңдетіп оқыту. Сонымен қатар, көптілді білім беруді енгізу арқылы магистранттардың тілдік дайындығы жақсарады. Магистранттарға халықаралық қатынастар теориясы мен тарихы бойынша «Theory of international relations», «Тheory of postcolonializm», «Nation and History» пәндері ағылшын тілінде оқытылады. Сонымен қатар қытай немесе түрік тілдерін оқыту курстары енгізілді: «Қытай (Түрік) тілі», «Қытай (Түрік) тілінің саяси лексикасы».

 

Біздің серіктестер:

 

Сыртқы серіктестер:

 

  • Арел Университеті (Түркия)
  • Кастамону Университеті (Түркия)
  • Ankara Center for Crisis and Policy Studies (ANKASAM)
  • Стамбул Университеті (Стамбул)
  • Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет академиясы (РАНХиГС)
  • Волгоград мемлекеттік университеті
  • Н. И. Лобачевский атындағы Нижний Новгород мемлекеттік университеті
  • Варна еркін университеті (Польша)

 Ішкі серіктестер:

 

  •  БҰҰ-ның Қазақстандағы өкілдігі
  • Қазақстан Республикасы Сыртқы Істер Министрлігінің Алматы қаласындағы Өкілдігі
  • Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институты (ҚСЗИ)
  • Қазақстан Республикасының Қызыл Жарты Ай Қоғамы
  • Орталық Азияның аймақтық экологиялық орталығы (ОААЭО)
  • Р. Б. Сүлейменов ат. Шығыстану институты. ҚР БҒМ Ғылым комитеті
  • “Философия, саясаттану және дінтану институты” ҚР БҒМ Ғылым комитеті
  • Еуразиялық ғылыми-зерттеу институты
  • Қазақстандық гуманитарлық-саяси конъюктура орталығы
  • Bolashaq халықаралық степендиаттар қауымдастығы
  • Ғылыми Ақпарат және Саяси Талдау орталығы

Халықаралық бағдарламалар

 

  • «Арель» университеті (Түркия)
  • Кастамону университеті (Түркия)
  • Циттау/Герлиц университеті (Германия)
  • Шығыс Жерорта теңізі университеті (Никосия, Солтүстік Кипр)

Біздің магистранттар серіктестеріміздің жазғы мектептерінде тағылымдамадан өтеді. Олар сонымен бірге AISEC еріктілер жобасына, Түркия үкіметінің Мевлан жобасына қатысады.

 

Мансаптық болашақ (мамандықтар):

 

Алынған білім түлектерге Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде, Қазақстан Республикасының елшіліктері мен консулдықтарында, сыртқы қатынастар, әлемдік саясат, халықаралық ұйымдар және трансұлттық корпорациялар саласында жұмыс істейтін Қазақстан Республикасының әртүрлі мемлекеттік органдары мен ұйымдарында жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

 

  • Аймақтық саясат және экономика саласындағы кеңесші көмекшісі;
  • Сыртқы саясаттағы бақылаушы-аудармашы;
  • Аудармашының көмекшісі;
  • Орта және жоғары оқу орындарының оқытушысы.
Қабылдау комиссиясы