ӨЗІНЕ СЕНГЕНДЕРГЕ ЖӘНЕ ТАБЫСҚА АРНАЛҒАНДАРҒА

Халықаралық қатынастар STEM

 

Мамандықтың студенттері халықаралық қатынастардың қазіргі кездегі процестерін, халықаралық  саяси, әскери, экономикалық қақтығыстарды, халықаралық ұйымдардың қызметтерін, әлемдік саясаттың дамуындағы үрдістер мен мәселелерді, ҚР ұлттық қауіпсіздік мәселелерін және т.б. мәселелерді зерттейді. Алынған білімдер, сонымен қатар бір батыс және бір шығыс тілін меңгеру мамандықты бітірушілерге Қазақстанның, оның компаниялары мен фирмаларының халықаралық аренаға шығуын қамтамасыз етуде өз үлестерін қосуға мүмкіндік береді.

 

Оқу формасы және оқу мерзімі:
Күндізгі мектептен кейін – 4 жыл
Колледжден кейін-бөлім 3 жыл

 

Мамандық коды: «6В03101- Халықаралық қатынастар»
 

ҰБТ таңдауы бойынша пән:

мектептен кейін: Шетел тілі + Тарих
колледжден кейін: География + дүниежүзі тарихы
Академическая степень: Гуманитарлы ғылымдар бакалавры
Білім беру бағдарламалары
  • Үлгерімі жақсы студенттер үшін шетелдік тағылымдамадан өту мүмкіндігі
  • Пәндердің ағылшын тілінде оқытылуы
  • Ағылшын, корей, қытай, түрік тілдерін жақсартуға және терең меңгеруге көмектесетін тіл оқыту клубтарының жұмыс жасауы
  • Шет елдік жетекші мамандар мен оқытушыларды шақыру мүмкіндігі
  • ҚР Сыртқы Істер Министрлігінде және ҚР елшіліктерінде жұмыс жасаған, тәжірибесі мол мамандар
  • Университеттің және оның серіктестерінің жобаларына қатысу мүмкіндігі (MUN, AISEC, Mevlana)
Өзекті және эксклюзивті курстар
  • Дипломатиялық және консулдық қызмет
  • Дипломатиялық келіссөздерді жүргізу техникасы
  • Дипломатиялық құжаттама
  • ҚР сыртқы саясаты
  • Көпжақты дипломатия
  • ХҚ қазіргі кездегі мәселелері
  • Қазақстан және БҰҰ
  • Жаһандану және геосаясат
  • Жаһандану және халықаралық қауіпсіздік
  • Қазіргі халықаралық қатынастардағы діни экстремизм мәселелері
  • Геосаясат жүйесіндегі Орталық Азияның рөлі
  • Халықаралық байланыстар саласындағы мамандарға арналған қытай тілі
  • Халықаралық байланыстар саласындағы мамандарға арналған түрік тілі
  • Ұлттық қауіпсіздік және халықаралық қатынастар
  • ҚР президенті – ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың сыртқы – саяси бастамалары
  • Еуразиядағы саяси процестер
Біздің серіктестер
  • «Арель» университеті  (Түркия),
  • ҚР БҒМ ғылым жөніндегі Комитетінің Р. Сүлейменов атындағы шығыстану институты
  • «Болашақ жастардың қолында» Қоғамдық Қоры,
  • ЖШС «Ғылыми ақпарат және саяси талдау орталығы».
Халықаралық серіктестік

Университеттермен (мамандықтар бойынша) логотиптермен халықаралық серіктестік.  Студенттердің халықаралық бағдарламаларға қатысуы (алмасу бағдарламалары). Екідипломдық бағдарламалар. Қауымдастықтардағы мүшелік.  Академиялық мобилділік.

 

  • Арель университеті (Түркия)
  • Кастамону университеті (Түркия)
  • Циттау университеті/Герлитц
  • Шығыс-Жерорта теңізі университеті (Никосия, Солтүстік Кипр)

 

Біздің студенттер серіктестеріміздің жазғы мектептерінде тағылымдамадан өтіп тұрады. Сонымен қатар, AISEC еріктілер жобасына, Түрік үкіметінің Mevlana жобасына қатысады.

 

Мамандық студенттері өздерінің кәсіби бейімдіктерін  конференция мен рөлдік ойындардың өзіндік синтезі болып табылатын  MUN (БҰҰ Үлгісі) арқылы дамытады.

БІЗДІҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫМЫЗ
БІЗДІҢ БАЙЛАНЫСТАР
Graduate School of Business
Телефон: +7 (727) 260-40-13 (внутренний номер 1071,1072,1073,1074)
E-mail: gsb@turan-edu.kz

d.ashirbekova@turan-edu.kz

Қабылдау комиссиясы
Выбор языка: