Менеджмент

Бакалавриат
Магистратура
Докторантура PhD

 

«Менеджмент» мамандығы – дамыған лексикалық қабілеті, ойлау, жоғары сабырлылық, компания мүдделерін қорғау қабілеттері бар, жоғары білікті басқарушыларды даярлауға бағытталған, экономикалық сферадағы ең беделді, сонымен қатар ең күрделі мамандықтардың бірі.

 

Әлемдік экономика ғаламдануының қазіргі жағдайында басқару туралы жүйелілік түсінігі бар мамандарға деген қажеттілік күннен-күнге артуда.

 

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында жаңа басқарушылық элита біртіндеп қалыптасуда.

 

«6В04101 – Менеджмент» БББ-ның жалпы мақсаты болып  еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, заманауи кәсіпорындармен және нарықтық құрылымдармен сұранысқа ие, қызмет етудің қарқынды түрде өзгеріп жатқан әлеуметтік және кәсіби жағдайларына тиімді бейімделуге қабілетті, негізгі кәсіби функцияларды жоғарғы деңгейде жүзеге асыруға дайын, өз қызметінің кәсіби сфераларын дамытудың сипаты мен бағыттарына сындарлы түрде әсер етуге қабілетті, ұйымдастырушылық жұмыс пен басқарушылық қызметке дағдылары бар экономикалық бейіндегі мамандарды даярлау табылады.

 

Шифр: 6В04101

Академиялық дәрежесі: бакалавриат

Оқыту нысаны: күндізгі, қысқартылған күндізгі нысан

 

Оқыту мерзімі:

  • орта білімнен кейін 4 жыл
  • орта кәсіби білімнен кейін 3 жыл
  • жоғары білімнен кейін 2 жыл

Өзекті және эксклюзивті курстар

  • Кәсіпкерлікке кіріспе
  • Этика және бизнестің құқықтық мазмұны
  • Бизнес-әкімшілік құралдары
  • Бизнесті ұйымдастыру
  • Бизнестегі басқарушылық шешімдер
  • Кәсіпорынның инновациялық қызметін басқару
  • Персоналды басқару
  • Экономикалық талдау құралдары
  • Тәжірибелік менеджмент
  • Start-up
  • Технологиялық жаңарту жағдайында экономиканы басқару

Біздің серіктестеріміз

  • Циттау-Герлиц қолданбалы ғылымдар Университеті, Германия
  • Varna Economic University, Болгария
  • «Үштік спираль» Халықаралық ассоциациясы,
  • М.В. Ломоносов атындағы ММУ-нің экономикалық факультеті
  • Berjaya University, College of Hospitality, Малайзия
  • Istanbul Arel University, Түркия
  • Kastamonu University, Түркия
  • Б. Ельцин атындағы Қырғыз-Ресейлік Славян Университеті
  • Latvia Business College
  • Virginia International University
  • Erzincan University, Түркия
  • Kent State University, АҚШ

Академиялық мобильділік бойынша бағдарламалар:

  • Әлемдік экономика және қаржылар институты, Астрахан қаласы, РФ
  • Ж. Баласағұн атындағы ҚҰУ басқару және бизнес Институты, Қырғыз Республикасы
  • Varna Economic University, Болгария
  • Latvia Business College

Мансаптық перспективалар (кәсіптер)

Менеджер кәсібінің басты ерекшелігі болып экономиканың барлық секторларында және меншіктің барлық нысандарындағы кәсіпорындарда бітірушілерге сұранысқа ие болуға мүмкіндік беретін оның әмбебаптылығы табылады. Кәсіп ең күшті мансаптық мүмкіндіктерді ұсынады, әсіресе егерде алынған біліммен қоса бітірушіге жұмыс берушілермен бағаланатын басқарушылық және ұйымдастырушылық дарын, ынталылық пен тез тіл табысу секілді қабілеттер қосылса.

 

«Менеджер» біліктілігі бар бітіруші мансабы екі негізгі бағытта дамуы мүмкін: менеджерлік және кәсіпкерлік.

 

Менеджерлік мансапта бастапқы, орта және жоғары деңгей позициялары бар. Мұнда келесідей кәсіби өсу орын алуы мүмкін: менеджер көмекшісі →менеджер → бөлім басшысы→ жетекші маман →жоба басшысы→ басқарма басшысы→ вице-президент→ президент. Әдетте бітіруші – менеджерлер өз мансабын орта деңгейлі лауазымнан бастайды.

 

Егерде де Сізді өз ісіңізді ашу қызықтырса және Сіз кәсіпкерлік мансапты таңдасаңыз, онда мұнда сізді шағын кәсіпорын иесінен танымал қуатты корпорация иесіне дейінгі мансапты баспалдақ күтуде.

 

Қазіргі жағдайда менеджменттің экономикалық дамуы менеджмент саласындағы бизнес құрылымдардың бәсекеге қабілетті артықшылықтарын қалыптастыру үшін маңызды кәсіптің бірі және жоғары білікті мамандарды дайындау болып табылады.

 

«Менеджмент» Магистрлік бағдарламасы:

 

  • әр түрлі ұйымдық-құқықтық нысанындағы ұйымдарда өндірістік үдерістерді инновациялық басқару мәселелері бойынша іргелі және қолданбалы білімдерді игеру;
  • мемлекеттік басқару, бизнес саласындағы менеджерлерді даярлау;
  • экономиканың жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру және ғылыми – зерттеу секторлары үшін ғылыми кадрларды дайындау.

 

Шифрлар: 

 

7M04102 – Ғылыми-педагогикалық

7M04109 – Бейінді

Академиялық дәрежесі:  экономикалық ғылымдарының магистрі; экономика және бизнес магистрі

Екі түсу емтиханы:

  • шет тілі бойынша;
  • мамандығы бойынша.

 

Оқу нысаны: күндізгі

Оқыту тілдері: қазақша, орысша.

Бағыты мен оқу мерзімі:

  • ғылыми-педагогикалық бағыт – 2 жыл;
  • бейінді бағыт – 1 жыл.

 

Оқыту шарттары : обучение осуществляется по государственным грантам и на платной основе.

 

Бағдарламаның ерекшеліктері

  • Бизнес құрылымдардағы жұмыс пен мансап зерттеуді қисындыру;
  • Қазақстандық ірі бизнес менеджерлерді, шетелдік компаниялардың басшыларын, мемлекеттік құрылымдардың өкілдерін, сондай-ақ шетелдік оқытушылардың қатысуы;
  • Білім беру процесінде белсенді оқыту әдістерін пайдалану: практикалық жаттығулар, кейстерді талдау, іскерлік ойындарды жүргізу, топтық жобаларда жұмыс істеу;
  • Көптілдік саясатты дамыту мақсатында білім беру бағдарламасы ағылшын тілінде модульдер енгізілген.
  • Ғылыми семинарлар, қазақстандық және шетелдік бизнес және мемлекеттік құрылым саласындағы алдыңғы қатарлы өкілдерінің қатысуымен.
  • Әлемнің жетекші университеттерінде академиялық мобилдік алмасу бойынша студенттердің семестрлік және жылдық, онда өтілген пәндері бойынша алған білімін есепке алатын шетелдік тағылымдамаларда өту жүйесі жасақталған.
  • ҚР Ұлттық ғылым академиясы институттарында ғылыми тағылымдамадан және зерттеу практикасынан өту;
  • Өндірістік практиканы Қазақстанның үздік отандық және шетелдік компаниялар өтеді;
  • Тыңдаушылар екі жақты бағдарламалар бойынша интеграцияланған оқу жоспары сәйкес бірден екі жоғары оқу орындарында даярлықтан өтеді. Оқыту нәтижелері бойынша түлектері дипломдарын екі университеттен алады.

 

Өзекті және эксклюзивті курстар

 

  • Бизнес көшбасшылық
  • Инновациялық кәсіпкерлік қызмет
  • Ұйымның дамуын басқару
  • Инновациялық қызметтің практикалық аспектілері
  • Ұлттық және халықаралық нарықтарда бизнесті ұйымдастыру,
  • Экономиканың инновациялық дамуы
  • Жобалау қызметінің теориясы мен тәжірибесі
  • Strategic management

 

Біздің әріптестер

 

  • М.В.Ломоносов атындағы Ресей Мәскеу Мемлекеттік Университеті
  • Санкт-Петербург Мемлекеттік Экономикалық Университеті, Ресей
  • University of Applied Sciences / Hochschule Zittau/Görlitz , Германия
  • University of Pécs / Pécsi Tudományegyetem, Венгрия
  • University of Economics – Varna, Болгария,
  • Asia Pacific University of Technology & Innovation, Малайзия
  • Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар институты, Қазақстан;
  • Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетінің Экономика институты;
  • ABC Bank Almaty Training Centre;
  • ID-GROUP Халықаралық кәсіпкерлік академиясы;
  • Халықаралық Көшбасшылық Институты (International Leadership Institute), Қазақстан;
  • Coca-Cola Almaty Bottlers;
  • Samsung Electronics Kazakhstan;
  • “Сбербанк России” ЕБ АҚ;
  • “Қазақстан Халық банкі” АҚ;
  • “КазКоммерцбанк”АҚ;
  • ҚР ҰЭМ тұтынушылардың құқықтарын қорғау Комитетінің Алматы қаласы бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау РММ жөніндегі департаменті;
  • “ҚазСерт”Алматы” ЖШС

 

Халықаралық бағдарламалар

 

Халықаралық ынтымақтастық жаһандану және халықаралық интеграция жағдайында білім беру қызметінің маңызды құрауыштарының бірі болып табылады.
“Тұран” университеті орнатылған халықаралық байланыстар аясында шетелдік стандарттарға сай кәсіби мамандарды даярлау, дамыту, халықаралық ұйымдармен және оқу орындарымен (әріспес ЖОО-да), тағылымдамадан өту үшін бірлескен жобалармен жұмыс істеу, дәріс оқу, бизнес-тренингтер өткізу және т.б. шараларды ұйымдастыруға ұмтылады.

 

Сізде стипендиялық бағдарламалар мен академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатысуға мүмкіндік бар:

 

  • “Болашақ” халықаралық стипендиясы;
  • ҚР БҒМ гранттары;
  • Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының қорының стипендиясы;
  • «UnionPay халықтық білім беру»/«Halyk Education with UnionPay» scholarship program» стипендиялық бағдарламасы;
  • Chevening британ өкілдік стипендиясы;
  • Fulbright стипендиясы, АҚШ;
  • ERASMUS+Бағдарламасы;
  • Герман академиялық алмасулар қызметі (DAAD) (German Academic Exchange Service);
  • «UnionPay халықтық білім беру»/«Halyk Education with UnionPay» scholarship program» стипендиялық бағдарламасы; • Конрад Аденауэр атындағы Қор өкілдігінің стипендиялық бағдарламасы (Konrad-Adenauer-Stiftung e.V.), Германия;
  • “MEVLANA” академиялық алмасу бағдарламасы, Түркия;
  • Эдмунда Маски бағдарламасы (Muskie), АҚШ;
  • “Конфуций Институтының Шәкіртақылары” бағдарламасы, Қытай;
  • Endeavour Awards Халықаралық білім беру бағдарламасы, Австралия;

 

Сізде, халықаралық студенттік ұйымдар мен қауымдастықтар мүшесі атанып, пайдалы практикалық әлеуметтік және кәсіпкерлік тәжірибе алуғамүмкіндік бар:

 

  • Әлеуметтік тағылымдама халықаралық бағдарламасы AIESEC;
  • Кәсіпкерлік студенттік жобалардың халықаралық бағдарламасы ENACTUS;
  • “Үштік Спираль” халықаралық қауымдастығы (Triple Helix).

 

“Тұран” университеті жетекші шетелдік серіктес-университеттермен келісімдер шеңберінде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады:

 

  • London School of Marketing, Ұлыбритания
  • University of Pécs / Pécsi Tudományegyetem, Мажарстан
  • Virginia International University, АҚШ
  • University of Applied Sciences / Hochschule Zittau/Görlitz , Германия
  • Asia Pacific University of Technology & Innovation, Малайзия
  • Eastern Mediterranean University, Кипр
  • Варна – Экономикалық университеті / University of Economics – Varna, Болгария
  • М.В.Ломонос ат. Мәскеу Мемлекеттік Университеті / Moscow State University
  • Бүкілресейлік Сыртқы Сауда Академиясы / Russian Foreign Trade Academy
  • Санкт-Петербург Мемлекеттік Экономикалық Университеті / Saint-Petersburg State University of Economics
  • Әлемдік Экономика және Қаржы институты / Institute of World Economics & Finance
  • Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Қаржы Университеті / Financial University under the Government of the Russian Federation
  • СИНЕРГИЯ Университеті, Ресей
  • Әзербайжан Мемлекеттік Экономикалық Университеті /Azerbaijan State University of Economics / Azərbaycan Dövlət İqtisad Universiteti
  • Hitit University / Hitit Üniversitesi, Түркия

 

Мансаптық перспективалары (кәсібі)

 

Магистр дәрежесі сіздің мансапыңызда әр түрлі салаларда кеңінен қолдануда және мүмкіндіктердің дамуына айтарлықтай көмектеседі. менеджмент саласында кәсіпорындар, ұйымдар, Қазақстанның мемлекеттік басқару органдарыда жаңа әдістер мен технологияларды жинауды қолдана алатын, экономикалық ақпаратты өңдейтін, бизнес әртүрлі салаларында материалдық, қаржылық және ақпараттық ағындарды басқаратын жоғары білікті магистр мамандарға сұраныс жоғары.

 

“Менеджмент” мамандығы бойынша магистр академиялық дәрежесі жұмысқа орналастыру үшін келесідей мүмкіндік береді:

 

  • Ұлттық және халықаралық компанияларда орта және жоғары буынды менеджер, оның ішінде топ-менеджері;
  • Ірі және орта компанияларда бизнес-аналитик;
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару органдарының маманы;
  • Жоғары оқу орындарында және колледждерде оқытушы.

 

Экономикалық ғылымдарының магистрі дәрежесінің иегері (PhD) философия докторы ғылыми дәрежесін алу үшін докторантурада оқуын жалғастыруға мүмкіндігі бар. Бұл маманның ғылыми-зерттеу, жобалық-экономикалық, аналитикалық, ұйымдастыру-басқару және педагогикалық қызмет саласында табысын жоғарылатуға ықпал етеді.

 

“Менеджмент” мамандығы бойынша PhD докторантура білім беру бағдарламасы әлеуметтік-экономикалық ғылымдар саласындағы білім беру, әдіснамалық және зерттеу қызметінде тереңдетілген интеграциялық ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлауға бағытталған.

Докторантураның білім беру бағдарламасының негізін іргелі белгілі ғалымдардың және практиктердің авторлық курстары, профессорлық ғылыми семинарлар, лекциялар, мастер-кластар құрайды. Докторанттар ғылыми және қолданбалы ғылыми зерттеулерін Қазақстанның жетекші ғалымдар мектептері аясындағы жүргізеді.

 

Шифр: 8D04102

 

Академиялық дәрежесі: PhD философия докторы

 

Екі түсу емтиханы:

 

  • шет тілі бойынша;
  • мамандығы бойынша.

 

Оқу нысаны: күндізгі

 

Оқу мерзімі: 3 жыл

 

Оқу тілдері: қазақша, орысша

 

Оқыту шарттары: оқыту мемлекеттік гранттар бойынша және ақылы негізде жүргізіледі.

 

Білім беру бағдарламалары

 

Дайындаушы кафедраның стратегиялық басымдығы ғылыми-зерттеу жұмысы болып табылады. Жетекші кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер, өзекті экономикалық проблемалар бойынша жүргізіледі. “Менеджмент” мамандығының докторанттары кафедраның ғылыми-зерттеу жобаларына қатыстырылады.

 

Іргелі ғылыми-зерттеу жобалары бойынша тақырыптар:

 

  • Еуразиялық Экономикалық Одақ аясында экономикалық өзара іс-қимылдың интеграциялық әсерлері
  • Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) ынтымақтастықтың интеграциялық тиімділігі

 

Қолданбалы ғылыми жобалар бойынша тақырыптар:

 

  • Қазақстан Республикасының ЖОО-да интернационализациялау процесін басқару
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару өзекті мәселелері
  • Қазақстанда “жасыл” бизнесті дамыту және механизмін қалыптастыру
  • Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің инновациялық экожүйесін қалыптастыру

 

Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмысы білім беру үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады, тұтастай алғанда, зияткерлік әлеуетін күшейтдің маңызды факторы, оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді тұрақты жаңартудың негізі.

 

Бағдарламаның ерекшеліктері

 

  • Бизнес құрылымдардағы жұмыс пен мансап зерттеуді қисындыру;
  • Докторлық диссертацияның жетекшілері менеджмент саласындағы әлемдік жетекші ғалымдар болып табылады;
  • Ғылыми зерттеулердің нәтижелерін ҚР БҒМ БҒСБК басылымдарының ғылыми журналдар тізіміне “Тұран” университетінің Хабаршысы мерзімді басылымында ғылыми нәтижелерді жариялау мүмкіндігі;
  • Оқу курстары барысында қазақстандық және шетелдік компаниялардың, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен, сарапшы мамандармен кездесу, шеберлік сыныптары қарастырылған;
  • Ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыруда жетекші отандық және шетелдік ғалымдар тығыз байланыстар орнатылған;
  • АҚШ, Франция, Германия, Швейцария, Малайзия, Қытай, Ресей және басқа да елдердің жетекші ғылыми-білім беру орталықтарында шетелдік ғылыми жетекшілерінде міндетті ғылыми тағылымдамадан өту;
  • Жетекші шетел университеттерінің стандарттарына сәйкес оқу процесіне заманауи бағдарламалармен етекші шетелдік жоғары оқу орындарымен әріптестікті, әлемнің жетекші университеттерінің ғалымдарымен белсенді халықаралық байланыстар және тәжірибе алмасу қамтамасыз етеді;
  • “Тұран” университетінің Диссертациялық кеңесінде “6D050700-Менеджмент” мамандығы бойынша докторлық диссертацияны қорғауға және философия ғылымдарының докторы (PhD) жоғары ғылыми біліктілігін алу мүмкіндігі.

 

Өзекті және эксклюзивті курстар

 

  • Теориялық және практикалық басқару негіздері
  • Халықаралық менеджмент
  • Қазіргі кезеңде бизнесті жүргізудің ерекшеліктері
  • Стратегиялық басқару және контроллинг
  • Басқарудың шетелдік тәжірибесі
  • Қазақстандық бизнесті дамытудың қазіргі заманғы үрдістері
  • PhD Proposals for Publications

 

Біздің әріптестер

 

  • М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік Университеті, Ресей
  • Санкт-Петербург Мемлекеттік Экономикалық Университеті, Ресей
  • University of Applied Sciences / Hochschule Zittau/Görlitz , Германия
  • The Pennsylvania State University (Penn State University), США
  • University of Pécs / Pécsi Tudományegyetem, Венгрия
  • University of Economics – Varna, Болгария,
  • Asia Pacific University of Technology & Innovation, Малайзия
  • Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Қаржы Университеті, Ресей;
  • Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар институты, Қазақстан;
  • Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Экономика институты;
  • ABC Bank Almaty Training Centre;
  • ID-GROUP Халықаралық кәсіпкерлік академиясы;
  • Халықаралық Көшбасшылық Институты (International Leadership Institute), Қазақстан;

 

Мансаптық перспективалары (кәсібі)

 

Докторлық дәреже иегерлерін заманауи экономика ғылымы ұтқырлық мансап келешегіне жетелейді. Докторантурада алған білім академиялық сала және одан тыс іскерлік дағдылар мен мансап даму және жұмысқа орналасу перспективалары айтарлықтай жақсартады. Докторлық жәрежені алу маманның ғылыми-зерттеу, жобалау-экономикалық, аналитикалық, ұйымдастыру-басқару және педагогикалық қызмет саласында ілгерілеуіне ықпал етеді.

Докторанттардың алған құзыреті академиялық және кәсіптік білім шеңберінде әр түрлі білімдерді жұмыс берушілер талаптарына, доктор дәрежесіне ие жоғары бағаланатын потенциалды, академиялық және кәсіби білім сәйкес келетін зерттеулермен жұмыс істеу қабілетті:

 

  • Жоғары оқу орындарында оқытушылық, ғылыми қызметкер;
  • Ұйымдарда топ – менеджер, басшы;
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару органдарының қызметкері;
  • Бизнес коммуникацияларды қалыптастыру және өзгерістерді басқару бойынша маман;
  • Ақпараттық – аналитикалық орталықтарда кеңесші, сарапшы;
  • Консалтингтік және ғылыми – зерттеу ұйымдарында сарапшы.

 

Online қабылдау