ӨЗІНЕ СЕНГЕНДЕРГЕ ЖӘНЕ ТАБЫСҚА АРНАЛҒАНДАРҒА

Алматы қаласы, Сатпаев көшесі, 16а
Қабылдау комиссиясы +7 727 260 40 00

Маркетинг

 

Академиялық дәреже: экономика және бизнес бакалавры

 

Мамандық коды: 6В04107

 

Оқу ұзақтығы:

 

  • орта білімнен кейін 4 жыл (күндізгі)
  • арнаулы орта білімнен кейін 3 жыл (күндізгі, сырттай, қашықтықтан оқыту.)
  • жоғары білімнен кейін 2 жыл (сырттай, қашықтықтан оқыту)

 

Маркетинг мамандығы бойынша экономика және бизнес бакалавры келесі салаларда талдау, ғылыми-зерттеу, ұйымдастырушылық-басқарушылық (әкімшілік) және білім беру (педагогикалық) қызметті жүзеге асыра алады: салалық және аймақтық нарықтарды зерттеу, әртүрлі меншік түріндегі шаруашылық субъектілердің маркетингтік ортасын зерттеу;  кәсіпорынның маркетинг жүйесін жетілдіру; кәсіпорынның маркетингтік стратегиясын қалыптастыру. Маркетингті қолдану аясы өте кең. Түлектердің кәсіби қызмет объектілері болып табылады: мемлекеттік мекемелер,  қызмет көрсету кәсіпорындары, әртүрлі экономикалық, өндірістік және делдал кәсіпорын ұйымдары,  халықаралық сауда палаталары, сауда үйлері, көлік және коммуникация,  жобалық және ғылыми-зерттеу институттары,  қоғамдық ұйымдар, ғылыми-зерттеу, білім беру мекемелері.

 

 

Міндетті және элективті (таңдау бойынша) пәннің/ескертпе:

 

  • Экономикалық теория
  • Микроэкономика
  • Макроэкономика
  • Маркетинг
  • Бухесеп және аудит
  • Қаржы
  • Менеджмент
  • Математика
  • Маркетингтік зерттеулер
  • Маркетингті басқару

 

Білім беру бағдарламалары

 

Кәсіби қызмет саласы  және объектілері

 

МАРКЕТИНГ мамандығы бойынша экономика және бизнес бакалавры келесі салаларда талдау, ғылыми-зерттеу, ұйымдастырушылық-басқарушылық (әкімшілік) және білім беру (педагогикалық) қызметті жүзеге асыра алады: салалық және аймақтық нарықтарды зерттеу, әртүрлі меншік түріндегі шаруашылық субъектілердің маркетингтік ортасын зерттеу;  кәсіпорынның маркетинг жүйесін жетілдіру; кәсіпорынның маркетингтік стратегиясын қалыптастыру. Маркетингті қолдану аясы өте кең. Түлектердің кәсіби қызмет объектілері болып табылады: мемлекеттік мекемелер,  қызмет көрсету кәсіпорындары, әртүрлі экономикалық, өндірістік және делдал кәсіпорын ұйымдары,  халықаралық сауда палаталары, сауда үйлері, көлік және коммуникация,  жобалық және ғылыми-зерттеу институттары,  қоғамдық ұйымдар, ғылыми-зерттеу, білім беру мекемелері.

 

 Кәсіби қызмет түрлері

 

МАРКЕТИНГ мамандығы бойынша бакалавр кәсіби қызметтің келесі түрлерін орындай алады:

  • ұйымдық-басқару қызметі кез келген шаруашылық субъектісінің маркетинг қызметін басқаруда маркетинг-менеджменттің ғылыми-әдітемелік және ұйымдық-технологиялық базасын, қағидалары мен технологияларын қолдану негізінде тиімді жүйе жасауды қарастырады;
  • өндірістік-технологиялық қызмет бакалаврдың адами ресурстарды басқару,   қамсыздандыру, өндіріс және қаржы бөлімдерінің мамандарымен бірге материалдық-техникалық қамсыздандыруды, өндірістік, инновациялық және өткізу қызметін тиімді жүргізу үшін және нарықтағы бәсекелес басымшылықты қамтамасыз ету үшін іске асырылады;
  • қызмет көрсету- пайдалану қызметі бакалаврдың маркетинг бойынша шаруашылық субъектісінің қызмет көрсету саясатын жүргізуді  негізгі және қосымша қызмет бойынша қарастырады; қатынас шығындарының және қызмет көрсету тиімділігінің есебі; қызметті жылжыту, қызмет сапасын қамтамасыз ету;
  • есептік-жобалық қызмет маркетинг бөлімінің ұйымдық құрылымын таңдаудан, маркетинг бюджетін және бизнес-жоспарды жасаудан, тауар ассортиментін тиімділендіру бойынша есептерді жүргізуден, тарату, тауар қозғалысы және жылжыту  жүйесін есептеуден тұрады;
  • тәжірибелік-зерттеу қызметі бакалаврдың ұйымның инновациялық саясатын жасаудан және ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарын және маркетингтік зерттеулер жүргізуден тұрады;
  • білім беру (педагогикалық) қызметі  осы мамандық саласында жалпы білім беру және орта арнаулы білім беру, сонымен қатар кадрлардың біліктілігін жоғарылату және қайта дайындау курстарында  маркетинг пәнінен оқыту қызметімен байланысты.

 

Кәсіби қызмет бағыттары:

 

  • маркетингтік қызметті жоспарлау;
  • маркетингтік зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу;
  • компанияның маркетингтік мүмкіндіктеріне бағалау жүргізу (SWOT-талдау әдісі, GAP-талдау, STEP-талдау);
  • корпоративті стратегияны қалыптастыру;
  • функционалдық стратегияны жасау;
  • тауар және баға саясатын жасау және жетілдіру;
  • нарықта өткізу және тауарды жылжыту жүйесін ұйымдастыру;
  • нарықта тауар және қызметтерді жылжыту үшін маркетингтік коммуникацияны қолдану;
  • нарықта бәсекелестік артықшылықты қамтамасыз ететін маркетингтік стратегияны тарату;
  • маркетинг қызметіне тексеру, аудит және бақылау жүргізу

 

“Маркетинг” мамандығы бойынша магистратура бағдарламасы маркетинг саласында мамандарды дайындауға бағытталған.

 

Маркетинг бойынша мамандар нарықтық зерттеулерді жүргізуге, әлеуетті клиенттерді іздеуге, олардың қажеттіліктері мен талғамдарын анықтауға, нарықтың мақсатты сегменттерін сегменттеу мен іріктеуге, компания және оның жекелеген өнімдерін позициялауға, тауарлық ассортиментті қалыптастыруға, брендті құруға және “жылжытуға”, бағалар мен жеңілдіктер жүйесін белгілеуге, тұтынушыға жылжыту және коммуникациялық әсер ету құралдарын әзірлеуге, өнімді бөлу және түпкілікті сатып алушыға жеткізу арналарын “құрастыруға” жауап береді.

 

“Маркетинг” ББ магистратура түлектері әртүрлі салаларда білікті қызмет үшін барлық қажетті білім мен практикалық дағдыларға ие, соның ішінде – стратегиялық және жедел маркетингтік жоспарлау, өнім саясаты, баға саясаты, өткізу саясаты (тарату арналары бойынша шешімдер), жылжыту  саясаты (жылжыту бойынша шешімдер).

 

Оқыту процессі  барысында сабақтарды өткізудің заманауи формаларына, іскерлік жағдайларды талдауға, топтық пікірталастарға, бизнес-жобаларды дайындауға, маркетингтік қызметтің түрлі аспектілеріне байланысты ақпараттық технологияларға басымдық беріледі.

 

Академиялық дәрежесі:

 

  • ғылыми және педагогикалық магистратураны бітіргеннен кейін – “Маркетинг” мамандығы бойынша экономика ғылымдарының магистрі;
  • бейіндік магистратураны бітіргеннен кейін – “Маркетинг” мамандығы бойынша экономика және бизнес магистрі.

 

Мамандық коды: 

 

7M04105 – Ғылыми және педагогикалық магистратура

7M04112 – Бейіндік магистратура

 

Оқу түрі: күндізгі

 

Оқу мерзімі:

 

  • 2 жыл-ғылыми және педагогикалық бағыт
  • 1 жыл – бейіндік бағыт

 

Білім беру бағдарламалары

Кәсіби қызмет саласы мен объектілері

«Маркетинг» мамандығы бойынша экономика және бизнес магистрі талдаушылық, ғылыми-зерттеу,  ұйымдастыру-басқару (әкімшілік) және білім беру (педагогикалық) қызметін келесі салаларда жүзеге асыра алады: салалық және аймақтық нарықтарды, әртүрлі меншік нысанындағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің маркетингтік ортасын зерттеу; кәсіпорынның маркетинг жүйесін жетілдіру; кәсіпорынның маркетингтік стратегиясын қалыптастыру. Маркетингті қолдану саласы өте кең. Түлектердің кәсіби қызметінің объектілері мемлекеттік мекемелер, қызмет көрсету кәсіпорындары, экономика саласының  түрлі ұйымдары, өндірістік және делдалдық кәсіпорындар, халықаралық сауда палаталары, сауда үйлері, көлік және коммуникациялар, жобалау және ғылыми-зерттеу институттары, қоғамдық ұйымдар, ғылыми-өндірістік, білім беру мекемелері болып табылады.

 

Кәсіби қызмет түрлері

 

«Маркетинг» мамандығы бойынша магистр келесі кәсіби қызмет түрлерін орындай алады:

 

  • ұйымдастыру-басқару қызметі қағидалар мен технологияларды, маркетинг-менеджменттің ғылыми-әдіснамалық және ұйымдастыру-технологиялық базасын қолдану негізінде кез келген шаруашылық жүргізуші субъектінің маркетингтік қызметін басқарудың тиімді жүйесін құруды болжайды;
  • өндірістік-технологиялық қызмет маркетинг бакалаврының адам ресурстарын басқару, жабдықтау, өндіріс және қаржы бөлімдерінің мамандарымен материалдық-техникалық жабдықтауды, өндірістік, инновациялық және өткізу қызметін тиімді жүзеге асыру үшін кәсіпорынның нарықтағы бәсекелестік артықшылықтарын қамтамасыз ету мақсатында бірлескен жұмысы түрінде жүзеге асырылады;
  • маркетинг бойынша бакалаврдың сервистік-пайдалану қызметі негізгі және қосымша қызметтер көрсету, қызмет көрсету сапасын қамтамасыз ету және жылжыту саласында шаруашылық жүргізуші субъектінің сервистік саясатын әзірлеуді; қызмет көрсету шығындарын және қызмет көрсету тиімділігін есептеуді болжайды;
  • есептік-жобалық қызмет маркетинг бөлімінің ұйымдық құрылымын таңдауды, маркетинг бюджетін және бизнес-жоспарды әзірлеуді, тауарлық ассортиментті оңтайландыру бойынша есеп айырысуды жүзеге асыруды,  тарату  жүйесін, тауар қозғалысы мен жылжытуды; маркетингтік іс-шаралардың тиімділігін бағалауды, шаруашылық жүргізуші субъектінің өндірістік-өткізу қызметін жүргізу бойынша экономикалық негізделген шешімдерді әзірлеуді қамтиды;
  • бакалаврлардың эксперименталды-зерттеу қызметі ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар мен маркетингтік зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу арқылы инновациялық саясатты әзірлеуді қамтиды;
  • осы мамандық бойынша білім беру (педагогикалық) қызметі жалпы білім беретін және арнаулы орта оқу орындарында маркетинг бойынша пәндерді оқыту қызметтерімен, сондай-ақ кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау курстарымен байланысты.

 

Кәсіби қызметінің функциялары:

 

  • бөлімшелердің қызметін ұйымдастыруды жетілдіру бойынша іс-шараларды әзірлеу, соның ішінде жоспарлау, болжау, шығындарды басқару және материалдық-техникалық жабдықтау, логистика, өткізу;
  • маркетингтік зерттеулерді және нарықты сегменттеуді жүзеге асыру;
  • сервис стратегиясы мен тактикасын, маркетинг бюджетін және кәсіпорынның бизнес-жоспарын әзірлеуге қатысу;
  • кәсіпорынды басқару бойынша қызметті ұйымдастыру, жоспарлау және үйлестіру және фирманың нарықтық стратегиясын қалыптастыру;
  • маркетингтік талдау мен бақылауды жүзеге асыру;
  • жалпы кәсіпорын қызметін басқару және бақылау.

 

Кәсіби қызметінің бағыттары:

 

  • маркетингтік қызметті жоспарлау;
  • маркетингтік зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу;
  • компанияның маркетингтік мүмкіндіктеріне бағалау жүргізу (SWOT-талдау, GAP-талдау, STEP-талдау);
  • корпоративтік стратегияны қалыптастыру;
  • функционалдық стратегияларды әзірлеу;
  • тауар және баға саясатын әзірлеу және жетілдіру;
  • нарықта өткізу жүйесін және тауар қрзғалысын ұйымдастыру;
  • нарықта тауарлар мен қызметтерді жылжыту үшін маркетингтік коммуникацияларды қолдану;
  • нарықтағы бәсекелестік артықшылықтарды қамтамасыз ететін маркетингтік стратегияларды жүзеге асыру;
  • маркетингтік қызметке тексеру, аудит және бақылау жүргізу.

 

Мансаптық перспективалар (мамандықтар)

 

Маркетолог – бұл ең перспективті және креативті мамандықтардың бірі.  Шын мәнінде, маркетолог фирманың бірінші тұлғасының стратегиялық деңгейде көмекшісі бола алады. Әдетте, компанияда маркетинг жөніндегі басшы коммерциялық директор немесе маркетинг жөніндегі вице-президент қызметін атқарады. Осы мамандықтың негізгі артықшылықтарының бірі оны қолданудың кең спектрі, сондай-ақ барлық жаңа құралдар мен технологияларды пайдалану қабілеті болып табылады. Маркетинг бәсекелестерді, нарықтарды талдауға мүдделі кез келген компанияда сұранысқа ие. Мұндай мамандар бастапқыда басқарушылық шешімдерді маркетингтік қолдауға бағытталған және олардың мансабының қисынды жалғасы ретінде даму жөніндегі, стратегиялық жоспарлау жөніндегі және т. б. директордың лауазымы аралық позицияларға дейін өсу болып табылады.

Қабылдау комиссиясы
Выбор языка: