ӨЗІНЕ СЕНГЕНДЕРГЕ ЖӘНЕ ТАБЫСҚА АРНАЛҒАНДАРҒА

Халықаралық құқық STEM

Халықаралық бейімдік бағдарлама аясында студенттер сыртқы экономикалық және халықаралық қызметке шығатын халықаралық ұйымдарда, елшіліктерде, консулдықтарда, мемлекеттік қызметте, трансұлттық корпорацияларда, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарда сәтті жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін теориялық білімдер мен тәжірибелік дағдыларды игереді.

 

Оқу формасы және оқу мерзімі:
Күндізгі мектептен кейін – 4 жыл
Колледжден кейін-бөлім 3 жыл
Мамандық коды: «6В04202 – Халықаралық құқық»
 ҰБТ таңдауы бойынша пән: мектептен кейін: Дүниежүзі тарихы + Адам.Қоғам.Құқық
колледжден кейін: Мемлекет және құқық теориясы + ҚР Азаматтық құқығы
Академическая степень: Халықаралық құқық бакалавры

 

Білім беру бағдарламалары:

 

  1. Халықаралық құқық саласындағы заң кеңесшісі
  2. Халықаралық құқық саласында адамның құқықтарын қорғау

Біздің әріптестер:

 

  • Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік бюросы
  • «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Мемлекет және құқық институты» ҒЗИ
  • «ҚР ІІМ академиясы» ҒЗИ
Халықаралық бағдарламалар:

Қазіргі уақытта «Тұран» Университеті Балтық халықаралық академиясы (Рига қ., Латвия), РФ ЖОФҚ Самара заң институты (Самара, Ресей) сияқты шет елдердің жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық туралы халықаралық келісімдер құрған. Біздің университетпен Ломоносов атындағы ММУ з.ғ.д., профессор В.И. Селиверстов, Мәскеу мемлекеттік заң академиясының з.ғ.д., профессорлары А.И. Рарог, А.И. Чучаев (Мәскеу қ., Ресей), РФ Экономикалық даму министрлігінің Сыртқы сауда бүкілресейлік академиясының з.ғ.д., профессорлары В.М. Шумилов (Мәскеу қ., Ресей) сияқты ресейлік жоғары оқу орындарының жетекші ғалымдары бірге қызмет жасайды. Сондай-ақ ресейлік жетекші жоғары оқу орындарымен бірге бакалавриат және магистратура бойынша білімнің екі дипломдық бағдарламаларын енгізу жоспарлануда.

(Мамандықтың) мансаптық мүмкіндіктері:

Халықаралық дәрежедегі заңгер Қазақстанның аумағында немесе одан тыс жерлерде шетелдік котрагенттермен өзінің қызметін жүзеге асыратын компанияларда жұмыс істеуі мүмкін заңгерлердің санатын білдіреді. Халықаралық дәрежедегі заңгерлердің меңгерген негізгі тілі – ағылшын тілі, дегенмен компанияның, шетелдік контрагенттің қызмет ету аясына байланысты жұмыс барысында өзге де шет тілдері, әсіресе неміс, француз, қытай тілдері, қолданылады.

 

 

Халықаралық дәрежедегі заңгердің қызметін құқық саласындағы «ең жоғары дәрежелі» қызмет ретінде бағалауға болады, себебі тек үздік мамандар ғана халықаралық деңгейде заңтанумен айналысады.

 

 

Жұмысқа қойылған шарттар: халықаралық деңгейде заң қызметін жүргізу үшін сапалы жоғары заң білімінің болуы, сондай-ақ, әсіресе, тиісті халықаралық сертификаттармен мақұлданған, шет тілдерін білуі қажет.

 

 

Халықаралық дәрежедегі заңгерге, өз ісінің маманына заң саласында да, коммерциялық және мемлекеттік компаниялардағы топ-менеджментке жататын басқару саласында да барлық мансаптық жол ашық.

 

 

Кәсіби тәжірибесі мол халықаралық дәрежедегі заңгерлер әртүрлі құқықтық бағыттардағы өзінің заң қызметін көрсету кәсібін ойдағыдай табыспен жүргізеді.

БІЗДІҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫМЫЗ
БІЗДІҢ БАЙЛАНЫСТАР:
Graduate School of Business
Телефон: +7 (727) 260-40-13 (ішкі телефон нөмірі 1071,1072,1073,1074)
E-mail: gsb@turan-edu.kz

d.ashirbekova@turan-edu.kz

Қабылдау комиссиясы
Выбор языка: