ӨЗІНЕ СЕНГЕНДЕРГЕ ЖӘНЕ ТАБЫСҚА АРНАЛҒАНДАРҒА

Менеджмент STEM

«Менеджмент» мамандығы – дамыған лексикалық қабілеті, ойлау, жоғары сабырлылық, компания мүдделерін қорғау қабілеттері бар, жоғары білікті басқарушыларды даярлауға бағытталған, экономикалық сферадағы ең беделді, сонымен қатар ең күрделі мамандықтардың бірі.

 

Әлемдік экономика ғаламдануының қазіргі жағдайында басқару туралы жүйелілік түсінігі бар мамандарға деген қажеттілік күннен-күнге артуда.

 

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында жаңа басқарушылық элита біртіндеп қалыптасуда.

 

«6В04101 – Менеджмент» БББ-ның жалпы мақсаты болып  еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, заманауи кәсіпорындармен және нарықтық құрылымдармен сұранысқа ие, қызмет етудің қарқынды түрде өзгеріп жатқан әлеуметтік және кәсіби жағдайларына тиімді бейімделуге қабілетті, негізгі кәсіби функцияларды жоғарғы деңгейде жүзеге асыруға дайын, өз қызметінің кәсіби сфераларын дамытудың сипаты мен бағыттарына сындарлы түрде әсер етуге қабілетті, ұйымдастырушылық жұмыс пен басқарушылық қызметке дағдылары бар экономикалық бейіндегі мамандарды даярлау табылады.

Оқу формасы және оқу мерзімі:
Күндізгі мектептен кейін – 4 жыл
Колледжден кейін-бөлім 3 жыл

 

Мамандық коды: «6В04101- Менеджмент»
 ҰБТ таңдауы бойынша пән: мектептен кейін: Математика + География
колледжден кейін:  экономика негіздері + менеджмент
Академическая степень: Бизнес және басқару бакалавры
Өзекті және эксклюзивті курстар
  • Кәсіпкерлікке кіріспе
  • Этика және бизнестің құқықтық мазмұны
  • Бизнес-әкімшілік құралдары
  • Бизнесті ұйымдастыру
  • Бизнестегі басқарушылық шешімдер
  • Кәсіпорынның инновациялық қызметін басқару
  • Персоналды басқару
  • Экономикалық талдау құралдары
  • Тәжірибелік менеджмент
  • Start-up
  • Технологиялық жаңарту жағдайында экономиканы басқару
Біздің серіктестеріміз:
  • Циттау-Герлиц қолданбалы ғылымдар Университеті, Германия
  • Varna Economic University, Болгария
  • «Үштік спираль» Халықаралық ассоциациясы,
  • М.В. Ломоносов атындағы ММУ-нің экономикалық факультеті
  • Berjaya University, College of Hospitality, Малайзия
  • Istanbul Arel University, Түркия
  • Kastamonu University, Түркия
  • Б. Ельцин атындағы Қырғыз-Ресейлік Славян Университеті
  • Latvia Business College
  • Virginia International University
  • Erzincan University, Түркия
  • Kent State University, АҚШ
Академиялық мобильділік бойынша бағдарламалар:
  • Әлемдік экономика және қаржылар институты, Астрахан қаласы, РФ
  • Ж. Баласағұн атындағы ҚҰУ басқару және бизнес Институты, Қырғыз Республикасы
  • Varna Economic University, Болгария
  • Latvia Business College
Мансаптық перспективалар (кәсіптер)

Менеджер кәсібінің басты ерекшелігі болып экономиканың барлық секторларында және меншіктің барлық нысандарындағы кәсіпорындарда бітірушілерге сұранысқа ие болуға мүмкіндік беретін оның әмбебаптылығы табылады. Кәсіп ең күшті мансаптық мүмкіндіктерді ұсынады, әсіресе егерде алынған біліммен қоса бітірушіге жұмыс берушілермен бағаланатын басқарушылық және ұйымдастырушылық дарын, ынталылық пен тез тіл табысу секілді қабілеттер қосылса.

 

«Менеджер» біліктілігі бар бітіруші мансабы екі негізгі бағытта дамуы мүмкін: менеджерлік және кәсіпкерлік.

 

Менеджерлік мансапта бастапқы, орта және жоғары деңгей позициялары бар. Мұнда келесідей кәсіби өсу орын алуы мүмкін: менеджер көмекшісі →менеджер → бөлім басшысы→ жетекші маман →жоба басшысы→ басқарма басшысы→ вице-президент→ президент. Әдетте бітіруші – менеджерлер өз мансабын орта деңгейлі лауазымнан бастайды.

 

Егерде де Сізді өз ісіңізді ашу қызықтырса және Сіз кәсіпкерлік мансапты таңдасаңыз, онда мұнда сізді шағын кәсіпорын иесінен танымал қуатты корпорация иесіне дейінгі мансапты баспалдақ күтуде.

БІЗДІҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫМЫЗ
БІЗДІҢ БАЙЛАНЫСТАР:
Graduate School of Business
Телефон: +7 (727) 260-40-13 (ішкі телефон нөмірі 1071,1072,1073,1074)
E-mail: gsb@turan-edu.kz

d.ashirbekova@turan-edu.kz

Қабылдау комиссиясы
Выбор языка: