«Туризм» білім беру бағдарламасы — көкжиектерді кеңейтетін мамандық
Туризм — бұл жай ғана саяхат емес. Ол ЮНЕСКО қазіргі заманғы кәсіптік білім берудің басым бағыттарының бірі ретінде мойындаған, әлемдік экономиканың ең қарқынды дамып келе жатқан салаларының бірі болып табылады. Осыған байланысты «Туризм» білім беру бағдарламасы әлем бойынша студенттер арасында ең сұранысқа ие әрі тартымды бағыттардың бірі саналады.
Бұл сала қонақжайлылықты, мәдениетті, географияны, маркетингті, менеджментті және әсерлер индустриясын біріктіреді. Бағдарлама мінсіз маршрут құрудан бастап, эксклюзивті экскурсиялық бағдарламалар мен ұмытылмас туристік өнімдерді әзірлеуге дейінгі барлық үдерістерді қамтиды.
Бұл адамдармен жұмыс істегенді ұнататын, жаңашылдыққа ашық және жарқын әсерлерге ұмтылатын жандарға арналған мамандық.
Бағдарлама халықаралық туристік ағындармен жұмыс істеуге, авторлық турлар әзірлеуге және әртүрлі өңірлердің туристік тартымдылығын арттыруға мүмкіндік береді.
Туризм — бұл әрбір студент өз әлеуетін ашып, ұйымдастырушылық және коммуникативтік дағдыларын дамытып, креативті әрі батыл идеяларын жүзеге асыра алатын динамикалық және шығармашылық мамандық.
Академиялық дәреже: қызмет көрсету саласындағы бакалавр
Білім беру бағдарламасының шифры: 6В11101
ҰБТ таңдау пәндері: география, ағылшын тілі
Оқу формасы: күндізгі, қысқартылған күндізгі
Оқу мерзімі:
Орта білім негізінде:
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім негізінде:
Жоғары білім негізінде:
Оқыту тілі: қазақ, орыс
«Туризм» білім беру бағдарламасы бойынша алынған диплом түлектерге халықаралық қонақжайлылық индустриясында, туристік компанияларда, қонақүй желілерінде, мемлекеттік туристік құрылымдарда, санаторий-курорттық ұйымдарда, іскерлік және мәдени орталықтарда, сондай-ақ жеке туристік бизнесте жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Бұл салада креативтілік, қарым-қатынас мәдениеті, мобильділік және шет тілдерін меңгеру жоғары бағаланады.
Бағдарлама түлектері мемлекеттік және жекеменшік ұйымдарда табысты еңбек етеді.
Сіз келесі мамандық иесі бола аласыз:
Жеке бизнес
Түлектер туристік агенттіктер, жергілікті туржобалар, экскурсиялық бюролар, брондау сервистері, туристік стартаптар және оқиғалық әрі экологиялық туризм жобаларын табысты түрде ашады.
Мансаптық өсу мүмкіндіктері: туризм және қонақжайлылық саласындағы кеңесші, менеджер, өңірлік немесе ұлттық туристік менеджер, туристік жобаларды дамыту менеджері, қонақүй директоры, туристік компания басшысы.
Практика базалары:
Халықаралық бағдарламалар
Халықаралық ынтымақтастық және академиялық ұтқырлық бағдарламалары аясында студенттер серіктес жоғары оқу орындарында білім алып, практика мен тағылымдамадан өте алады:
Туризм және қонақжайлылық жоғары мектебінің директоры: Шидерина Гаухар Нұрланқызы
Мекенжай: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Сәтбаев көшесі, 16а
Email: g.shiderina@turan-edu.kz
Телефон: +7 727 260 40 29
Instagram: _tourism.and.hospitality_
Туризм ЮНЕСКО анықтаған ең негізгі кәсіби білімнің бірі. Сондықтан «Туризм» бүгінде әлем бойынша студенттер арасында кең танылып келе жатқан мамандық.
Туризм – демалу яғни клиентті орналастырғаннан бастап экскурсиялық бағдарламалар мен туристік маршруттарды белгілеу, шетелдік және Қазақстан азаматтарының туристік және курорттық қызметтерде тұтынушының сұранысын қанағаттандыру секілді бүкіл спекторын қамтитын сала. Бұл түрлі дағдылар мен мүмкіндіктеріңізді аша алатын кең ауқымды сала түрі, мұнда өзіңіздің шығармашылық мүмкіндіктеріңізді толықтай аша аласыз.
Шифры:
Академиялық дәреже: магистр
Оқу формасы: іштей (күндізгі)
Оқу мерзімі:
Туризм және қызмет көрсету саласында белгілі мамандар, бизнес-жаттықтырушылар, тәжірибелі оқытушылар шеберлік сыныптар, тренингтер, семинарлар жүргізеді:
Білім беру бағдарламасы міндетті өндірістік тәжірибеде мыналарды қамтиды. Оқу барысында, сіздер жетекші туроператорлық компанияларда (кіру, ішкі, шығу туризмі), қонақ үй және мейманхана бизнесі, бала мен жасөспірім туризмі, іскерлік басқару, тревел-менеджмент сияқты түрлі салаларда өздеріңнің оқу барысында алған білімдеріңді шындай аласыздар.
Магистранттардың Халықаралық ынтымақтастық аясында және академиялық ұтқырлық бағдарламалар бойынша серіктес жоғары оқу орындарында таңдау бойынша оқуға және тағылымдама мен практикадан өтуге мүмкіндігі бар: