ӨЗІНЕ СЕНГЕНДЕРГЕ ЖӘНЕ ТАБЫСҚА АРНАЛҒАНДАРҒА

Алматы қаласы, Сатпаев көшесі, 16а
Қабылдау комиссиясы +7 727 260 40 00

Вакансиялар

"Тұран" университетінің профессорлық - оқытушылық құрамы және профессор-оқытушылар құрамының лауазымдарына қойылатын біліктілік сипаттамалары туралы ереже"

 

«Тұран» университеті» білім мекемесі 2020-2021 оқу жылына жоғары оқу орындарының оқытушы-профессор құрамы мен ғылыми қызметкерлері бос қызмет орындарына орналасуға конкурс жариялайды.

 

Біздің талапкерлерге қойылатын талаптар:

  • Ғылыми дәрежесінің болуы: магистр, PhD докторы, доктор, ғылым докторы
  • Хабардарлық, жауапкершілік, ынта-жігер, белсенділік, мақсаттылық, позитивность
  • Нәтижелерге назар аудару
  • MS Office бағдарламаларын және интернет-браузерлерді тәжірибелі қолданушы деңгейінде қолдану дағдылары
  • Өсіруге ниет

 

Конкурсқа қатысуға тілек білдірген тұлғалар газетке хабарландыру жарияланған сәттен бастап 28.12.2020ж.-16.01.2021ж. аралығында ректордың атына өтініш (еркін нысанда) жазады. (211 кабинет)

 

Құжаттар мына мекенжай бойынша қабылданады:

Алматы қаласы, Сәтбаев көшесі 16А, 211 каб.

Достық даңғылы 110, 106 каб

 

Қосымша ақпаратты мына телефондар бойынша алуға болады:

 

8(727)260-40-14, 8(727)264-48-72

факс 8(727) 262-22-98,  8(727) 264-39-82

е-mail: reception@turan-edu.kz, hr@turan-edu.kz

 

Өтінішке келесі құжаттар қоса беріледі:

 

  1. Кадр есебі жөніндегі жеке іс парағы;
  2. Өмірбаян;
  3. Жоғары білімі, академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың көшірмесі, ғылыми атағы туралы құжат және салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы;
  4. Қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттар көшірмесі (болған жағдайда) және салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы;
  5. Ғылыми жұмыстары мен өнертабыстарының тізімі (болған жағдайда);
  6. № 086 нысанындағы медициналық анықтама;
  7. Тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетімен берілетін, есепке алыну бойынша мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама.
  8. Профессор-оқытушы құрамының бос лауазымдарына орналасу үшін білім беру бағдарламасы бойынша жоба презентациясы және ғылыми-зерттеу жұмысының жобасы (электрондық нұсқада, көлемі 10 слайдтан көп емес)
  9. Конкурсқа қатысушының тіркеуде тұрмағаны туралы наркологиялық ұйымның анықтамасы;
  10. Конкурсқа қатысушының тіркеуде тұрмағаны туралы психоневрологиялық ұйымның анықтамасы.

 

Тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын ұсынбау өтінішті қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.

 

Конкурсқа қатысушысы біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (ғылыми жарияланымдардың тізімі, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдар), сондай-ақ жұмыс тәжірибесін және біліктілігін растайтын құжаттар ұсынуға құқылы.

БОС ЛАУАЗЫМДАР ТІЗІМІ

«Компьютерлік және бағдарламалық инженерия» кафедрасы

Профессор және доцент (ғылым докторы және (немесе) ғылым кандидаты, философия докторы (PhD) және (немесе) бейіні бойынша доктор), аға оқытушылар, оқытушылар, практик мамандар (магистрлер, жоғары білімді мамандар) лауазымдарына.

«Киноөнері»  кафедрасы

Кафедра меңгерушісі лауазымына, профессор және доцент (ғылым докторы және (немесе) ғылым кандидаты, философия докторы (PhD) және (немесе) бейіні бойынша доктор және (немесе) еңбек сіңірген мәдениет, өнер, спорт қайраткерлері, шығармашылық одақтардың мүшелері, Қазақстан Республикасының құрметті атақтары, мемлекеттік марапаттардың иегерлері), аға оқытушылар, оқытушылар, практик-мамандар (магистрлер, жоғары білімі бар мамандар) лауазымдарына.

Тілдік дайындық орталығы

Профессор және доцент (ғылым докторы және (немесе) ғылым кандидаты, философия докторы (PhD) және (немесе) бейіні бойынша доктор), аға оқытушылар, оқытушылар (ағылшын тілін білетін және IELTS деңгейінің жоғары екендігін растайтын сертификаттары бар магистранттар, жоғары білімі бар мамандар) лауазымдарына.

Вакансиялардың мұрағат
Вакансиялар
Выбор языка: