ӨЗІНЕ СЕНГЕНДЕРГЕ ЖӘНЕ ТАБЫСҚА АРНАЛҒАНДАРҒА

Алматы қаласы, Сатпаев көшесі, 16а
Қабылдау комиссиясы +7 727 260 40 00

«Тұран» университетінің хабаршысы

«Тұран» университетінің хабаршысы» – қазіргі заманғы экономикалық проблемалар, білім беру саласын, туризмді дамыту мәселелері, республиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету, білім беру сапасын арттыру проблемаларының кең спектрі бойынша ғылыми мақалалар жариялайтын ғылыми журнал. Редакциялық алқа, рецензенттер және журнал авторлары ғылыми және жариялау этикасының жоғары стандарттарын сақтауға ұмтылады: журнал редакциясы мен авторларының өзара іс-қимылындағы ашықтық, журналға кіретін барлық мақалаларды тәуелсіз сарапшылардың немесе редакциялық алқа мүшелерінің міндетті түрде рецензиялауы, жарияланымдарға еркін қол жетімділік.

«Тұран» университетінің хабаршысы» журналы:

а) ғылыми-кәсіптік қоғамдастық ішінде белсенді және тиімді коммуникацияларды дамытуға, ғылыми жұмыстардың сапасын арттыруға ықпал ететін ашық пікір алмасу және еркін пікір білдіру үшін алаң құруға бағытталған;

ә) ғылым мен практиканың жақындасуына, басқару қызметінде және әлеуметтік мәселелерді шешуде ғылыми зерттеулердің нәтижелерін қолдануға мүмкіндіктер іздеуге ықпал етеді;

б) халықаралық ынтымақтастықты дамытуға, қазақстандық авторлардың нәтижелерін халықаралық кәсіби қоғамдастықта ілгерілетуге және таратуға ұмтылады.

Журнал ашық қол жетімді басылым болып табылады: барлық пайдаланушылар жарияланған материалдарды еркін әрі ақысыз оқи алады, жүктей алады, көшіре алады және оларға сілтеме жасай алады.

Журналдың веб-сайтына кіруге Плагиатқа қарсы жұмыс авторының мәлімдемесі
Қабылдау комиссиясы
Выбор языка: