Алматы мемлекеттік политехникалық колледжіндегі Ақпараттық технологиялар жоғары мектебінің кәсіптік бағдар беру жұмысы

2025 жылғы 24 қаңтарда “Ақпараттық технологиялар” жоғары мектебі (АТ) Алматы мемлекеттік политехникалық колледжінде кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізді.

 

Кәсіптік бағдар беру жұмысы – білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылар контингентін ұлғайтудағы жоғары мектеп қызметінің бағыттарының бірі.

 

Колледж білім алушыларының алдында маркетинг департаментінің және қабылдау комиссиясының координаторы А. Цвиренко, «АТ» жоғары мектебінің т.ғ.к., қауымдастырылған профессоры Е.Р. Ким және «АТ» жоғары мектебінің сениор-лекторы Б.Ж. Молдақалықова сөз сөйледі.

 

Балалар жоғары оқу орнының инфрақұрылымымен, “Тұран” университетінің «АТ» бағытындағы білім беру бағдарламаларына түсу ережелерімен: 6B06101 – Ақпараттық жүйелер, 6B06103 – Интеллектуалды робототехника, 7M06101 (7M06103) – Ақпараттық жүйелер, 7M06105 – IT қызметтерді басқару мамандықтарымен, конкурстар мен жеңілдіктер туралы толық ақпарат алды.

 

Студенттер белсенді түрде сұрақтар қойып, оларға «АТ» жоғары мектебінің және маркетинг департаментінің және қабылдау комиссиясының өкілдерінен жан-жақты жауаптар алды.

Online қабылдау