2025 жылдың 21-22 ақпанында “Тұран” университетінде Психология жоғары мектебінің психология және психотерапия саласындағы жетекші әлемдік ұйымдармен бірлесіп ұйымдастыруымен “Болашақ психотехнологиялары” атты халықаралық конференциясы өтті.
Конференция психологиядағы инновацияларға қызығушылық танытқандардың барлығы үшін нағыз мерекеге айналды. Қатысушылар төмендегідей мүмкіндіктерге ие болды:
Конференция келесі ұйымдардың қолдауымен өткізілді:
Іс-шараға Қазақстан, Өзбекстан, Ресей және АҚШ-тан 20-дан астам спикер, 70-тен астам қатысушы бетпе-бет және 300-ге жуық қатысушы онлайн форматта қатысты. “Болашақ психотехнологиялары” конференциясы психология ғылымы мен практикасының дамуындағы маңызды қадам болды. Ол психологияның жаңа ашылымдар мен мүмкіндіктердің алдында тұрғанын көрсетті.
Конференция ұйымдастырушылары іс-шараның жетістігіне қосқан үлестері үшін барлық қатысушыларға, спикерлерге және серіктестерге алғыстарын білдіреді. Конференция сіздер үшін шабыт пен жаңа идеялардың көзі болды деп үміттенеміз.
Сіздерді алда болатын іс-шараларымызда қуана күтеміз!