2025 жылдың 21 ақпанында «Тұран» университетінің «Маркетинг және логистика» Жоғары мектебі Алматы қаласы колледждерінің «Маркетинг» мамандығының бітіруші курс студенттеріне шеберлік сабағын ұйымдастырып өткізді. «Диджитал-маркетинг: мамандар мен құзыреттер» тақырыбындағы шеберлік сынып (Диджитал-маркетинг мамандықтары, мамандардың құзыреттері және оларды қалай дамытуға болатындығы туралы). Спикер: Дамир Гаитов – Netpeak Kazakhstan-дағы Team Lead Project Manager, 13 жылдық тәжірибесі бар digital-маркетинг сарапшысы, performance-маркетинг және жобаларды басқаруға маманданған. Ол «netpeak Kazakhstan» интернет-маркетинг агенттігінің қызметтері мен жобалары, диджитал маркетингтегі мамандықтар, мамандардың кәсіби дағдылары мен негізгі құзыреттері, Hard және Soft skills туралы әңгімеледі. Спикер қатысушылар үшін Work shop өткізді. Әр командаға нақты ситуациялық тапсырманы талдау, жоба үшін диджитал командасын құру және мамандарды іріктеу, олардың дағдыларын анықтау тапсырылды.
Іс-шараға «Тұран» колледжінің, Алматы Мемлекеттік бизнес-колледжінің және Нархоз колледжінің оқушылары, сондай-ақ «Тұран» университетінің «Маркетинг» ББ 3 және 4 курс студенттері қатысты. Шеберлік сынып колледж студенттерінің қызығушылығы мен оң пікірлерін тудырды. Олар талқылауға белсенді қатысып, өз пікірлерін білдірді. Спикердің сөз сөйлеуі жоғары ғылыми-теориялық деңгейде өтті, білім алушылар үшін өте қызықты, мазмұнды, танымдық және пайдалы болды. Мастер-класстың барлық қатысушыларына сертификаттар берілді.