ӨЗІНЕ СЕНГЕНДЕРГЕ ЖӘНЕ ТАБЫСҚА АРНАЛҒАНДАРҒА

Алматы қаласы, Сатпаев көшесі, 16а
Қабылдау комиссиясы +7 727 260 40 00

Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету

Академиялық дәрежесі: бакалавриат, магистратура

 

Оқу мерзімі:

– 4 жыл орта білімнен кейін (күндізгі оқу)
– 3 жыл кәсібі орта білімнен кейін (күндізгі, қашықтықтан оқыту)
– 2 жыл жоғары білімнен кейін (қашықтықтан оқыту)
– 2 жыл (ғылыми-педагогикалық бағыт)
– 1 жыл және 1,5 жыл (профиль бағыты)

 

«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету »  мамандығының студенттері ақпараттар теориясы, компьютер архитектурасы, есептеу жүйелерін ұйымдастыру, мәліметтер базасының негіздері, жүйелік программалық қамтамасыз ету, компьютерлік және инженерлік графика,  Internet –технология, компьютерлік желілер, сандық модельдер, экономикадағы математикалық тәсілдерді басқарудың модельдері мен әдістері, экономикалық теория, операциялық жүйелер, программаларды өңдеудің инструменталды құралдары, компьютерлік жүйелердің интерфейстері туралы білімді игере алады.

Кафедраның барлық түлектері жұмысқа орналастырылады және табысты жұмыс жасайды, Қазақстанның ірі компанияларында және шет елдерде жұмыс жасайды: жүйелік және қолданбалы программистер, жүйелік администраторлар, программалық және ақпараттық жүйелерді жобалау бойынша мамандар,  web-дизайнерлер және т.с.с.

 

Білім беру бағдарламалары:

– Программалық инженерия
– Желілер мен жүйелерді басқару

 

Міндетті және элективті (таңдау бойынша) пәндер:

– Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (ағылшын тілінде)
– Алгоритмизациялау және программалау
– Электроника
– Компьютерлік жүйелерді ұйымдастыру және архитектурасы
– Сандық схемотехника
– Жүйелік программалау
– Программаларды өңдеудің инструменталды құралдары

– Операциялық жүйелердің негіздері
– Мәліметтер базасы
– Компьютерлік ақпаратты қорғаудың тәсілдері мен құралдары
– Технология мультимедиялары
– Мобильдік қосымшаларды өңдеу
– Жасанды парасат жүйелері
– Web-технологиялар
– MS Windows Server платфорасында желілерді басқару

Выбор языка: