ӨЗІНЕ СЕНГЕНДЕРГЕ ЖӘНЕ ТАБЫСҚА АРНАЛҒАНДАРҒА

Алматы қаласы, Сатпаев көшесі, 16а
Қабылдау комиссиясы +7 727 260 40 00

Зияткерлік робототехника

«Робототехника»

Қазір роботтарды қолдану өндіріс пен өнеркәсіпті көптеп қамтуда. Бірақ роботтарды өз бетінше ойлауға үйрету – күрделі болғанымен, өте қызықты. Біздің республикамызда бізден басқа мұндай мамандар әзірге бірде-бір ЖОО даярламайды! Біздің мақсатымыз – роботтармен, сондай-ақ ақпараттық технологиялармен жұмыс істей алатын IT саласындағы мамандарды дайындау!

 

Академиялық дәреже: бакалавриат

 

Оқу мерзімі:

– Орта білімнен кейінгі 4 жыл (күндізгі)
– 3 жыл орта кәсіби (Күндізгі; қашықтықтан)
– Жоғары оқу орнынан кейінгі 2 жыл (қашықтықтан)

 

Зияткерлік роботехника роботтарды басқару және оларға арналған бағдарламалық қамтаманы әзірлеу үшін мамандарды дайындауды мақсат етеді. Біз жасанды зият саласында, робототехникада, ақпараттық жүйелерде қолдану үшін бірегей білім береміз.

Біздің студенттер бағдарламалау, компьютерлік графика, желілерді басқару, мобильді қосымшалар мен сайттарды әзірлеу, жасанды зият және роботтарды басқаруды меңгереді. Сонымен қатар, біз нарықтағы өзгерістерге де назар аударамыз – кәсіпкерлік сабақтары да оқытудың маңызды бөлігі.

 

Міндетті және элективтік (таңдау бойынша) пәндер:

– Мехатрондық және робототехникалық жүйелерді бағдарламалық қамтамасыз ету
– Роботталған операциялық жүйелер
– Роботталған жүйелерді бағдарламалау
– Техникалық көру
– Тану жүйелері
– Бизнес қауіпсіздігінің кешенді жүйесін ұйымдастыру
– Өнеркәсіптік роботтарды басқару жүйелері
– Роботтарды зияткерлік басқару
– IT бизнес
– Кәсіпкерлік және бизнес модельдері
– Интернет-кәсіпкерлік

Выбор языка: