Зияткерлік робототехника

Бакалавриат

 

Қазір роботтарды қолдану өндіріс пен өнеркәсіпті көптеп қамтуда. Бірақ роботтарды өз бетінше ойлауға үйрету – күрделі болғанымен, өте қызықты. Біздің республикамызда бізден басқа мұндай мамандар әзірге бірде-бір ЖОО даярламайды! Біздің мақсатымыз – роботтармен, сондай-ақ ақпараттық технологиялармен жұмыс істей алатын IT саласындағы мамандарды дайындау!

 

Шифр: 6В06103 

 

Академиялық дәреже: бакалавриат

 

Оқыту нысаны: күндізгі, күндізгі қашықтықтан оқыту технологияларын қолдана отырып

 

Оқу мерзімі:

 

  • Орта білімнен кейінгі 4 жыл (күндізгі)
  • 3 жыл орта кәсіби (Күндізгі; қашықтықтан)
  • Жоғары оқу орнынан кейінгі 2 жыл (қашықтықтан)

 

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ

 

Зияткерлік робототехника

 

Қазір роботтарды қолдану өндіріс пен өнеркәсіпті көптеп қамтуда. Бірақ роботтарды өз бетінше ойлауға үйрету – күрделі болғанымен, өте қызықты. Біздің республикамызда бізден басқа мұндай мамандар әзірге бірде-бір ЖОО даярламайды! Біздің мақсатымыз – роботтармен, сондай-ақ ақпараттық технологиялармен жұмыс істей алатын IT саласындағы мамандарды дайындау!

 

БАҒДАРЛАМАНЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ

 

Зияткерлік роботехника роботтарды басқару және оларға арналған бағдарламалық қамтаманы әзірлеу үшін мамандарды дайындауды мақсат етеді. Біз жасанды зият саласында, робототехникада, ақпараттық жүйелерде қолдану үшін бірегей білім береміз.

Біздің студенттер бағдарламалау, компьютерлік графика, желілерді басқару, мобильді қосымшалар мен сайттарды әзірлеу, жасанды зият және роботтарды басқаруды меңгереді. Сонымен қатар, біз нарықтағы өзгерістерге де назар аударамыз – кәсіпкерлік сабақтары да оқытудың маңызды бөлігі.

МІНДЕТТІ ЖӘНЕ ЭЛЕКТИВТІК (ТАҢДАУ БОЙЫНША) ПӘНДЕР

 

  • Мехатрондық және робототехникалық жүйелерді бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Роботталған операциялық жүйелер
  • Роботталған жүйелерді бағдарламалау
  • Техникалық көру
  • Тану жүйелері
  • Бизнес қауіпсіздігінің кешенді жүйесін ұйымдастыру
  • Өнеркәсіптік роботтарды басқару жүйелері
  • Роботтарды зияткерлік басқару
  • IT бизнес
  • Кәсіпкерлік және бизнес модельдері
  • Интернет-кәсіпкерлік

 

БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕРІМІЗ

 

Ақпараттық технологиялар кафедрасы оқу қызметін жүргізумен, білім беру жобаларын, пәндік олимпиадаларды, ірі PR жобаларды өткізумен және әртүрлі танымдық іс-шараларды өткізумен байланысты кең қызмет атқарады. Осы іс-әрекет нәтижесінде Ақпараттық технологиялар кафедрасы Қазақстанның өзекті компанияларымен әртүрлі серіктестік жасайды, түрлі кәсіпорындармен бірге жобалармен бірлескен жұмыс жүргізеді,сондай-ақ осы компаниялардан жан-жақты қолдау алады. Қазіргі уақытта Ақпараттық жүйелер мамандығының студенттері осындай компанияларға қолдау көрсетуде:

 

  • ҚР президент архиві
  • ТОО «Технопарк «Алатау»
  • ЦР «NEXT»
  • KazRENA ассоциациясы
  • kz компаниясы
  • ТОО «SPINDLEMARK»
  • «INNOVATION SYSTEMS» ЖК
  • ЖШС «SILENCE DIGITAL»
  • АҚ «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банктің қызметін қамтамасыз ету орталығы»
  • ЖШС «Азия Софт»
  • ЖШС MOBISYS
  • АҚ Казахтелеком
  • ЖШС «CompNet Technology»
  • ЖШС TAMOS DEVELOPMENT LTD

 

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАҒДАРАМАЛАР

 

“Ақпараттық жүйелер” мамандығының студенттеріне академиялық ұтқырлық және екі дипломдық білім беру бағдарламалары бойынша шетелдік жоғары оқу орындарында оқуға кең мүмкіндіктер беріледі:

 

  • Georgia Southern University (USA)
  • Варнен еркін университеті (Болгария)
  • Asia Pacific University of Technology & Innovation (Malaysia)
  • Циттау-Герлитц қолданбалы ғылымдар университеті, Германия
  • Istanbul Ariel University (Turkey)
  • Кастамону Университеті (Turkey)
  • Балтық Халықаралық академиясы (Латвия)
  • Император Александр I Петербург мемлекеттік қатынас жолдары университеті (Ресей))
  • Радиоэлектроника, сервис және диагностика институты (Ресей))
  • Санкт-Петербург телекоммуникация университеті (Ресей)
  • Пенза мемлекеттік технологиялық университеті (Ресей)

 

МАНСАП МҮМКІНДІКТЕРІ

 

Осы ББ түлектері өнеркәсіптік роботтары бар өнеркәсіптің барлық салаларында сұранысқа ие болады. Бұдан басқа, олар жүйелік талдаушылар, бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеушілер, веб-сайттарды әзірлеушілер, компьютерлік графика бойынша мамандар болып та жұмыс істей алады.

Қабылдау комиссиясы