Медициналық-сауықтыру орталығы

«Тұран» университетінің студенттері, оқытушылары мен қызметкерлеріне арналған ақпарат

«Тұран» университетінің медициналық-сауықтыру орталығы көршілес елдерде коронавирустық инфекция (КВИ) бойынша қолайсыз эпидемиологиялық жағдай байқалатынын хабарлайды, осыған байланысты келесі мекенжайлар бойынша орналасқан егу пункттерінде вакциналаудан және қайталап егуден өтуді ұсынамыз:

 

  1. Бостандық ауданы, Торайғыров көшесі, 12А мекенжайы бойынша орналасқан №4 қалалық емхана, тел: 312-24-77
  2. Бостандық ауданы, Бәсенов көшесі, 2 мекенжайы бойынша орналасқан №17 қалалық емхана. Тел.: 391-02-91
  3. Бостандық ауданы, Бұқар Жырау көшесі, 47 мекенжайы бойынша орналасқан №12 қалалық емхана. Тел.: 312-24-84
  4. Бостандық ауданы, Бұқар Жырау көшесі, 14 мекенжайы бойынша орналасқан №7 қалалық емхана. Тел.: 87780037141, 312-39-51
  5. Бостандық ауданы, әл-Фараби даңғылы, 71/21 мекенжайы бойынша орналасқан «Smart Health» МО. Тел.: 377-33-33, 87788001444
  6. Бостандық ауданы, Розыбакиев көшесі, 247, 1 блок мекенжайы бойынша орналасқан «А CLINIC» ЖШС. Тел.: 240-40-40
  7. Бостандық ауданы, Брусиловский көшесі, 232 мекенжайы бойынша орналасқан «LS-CLINIC» ЖШС. Тел.: 325-02-50
  8. Бостандық ауданы, Байқадамов көшесі, 5 мекенжайы бойынша орналасқан «ДОСТАР МЕД» ЖШС. Тел.: 344-03-03, 344-03-05
  9. Бостандық ауданы, Сәтпаев көшесі, 18 А мекенжайы бойынша орналасқан «МЕДИКЕР» МО.тел.: 87019993821, 87010345723
  10. Бостандық ауданы, Навои көшесі, 310 мекенжайы бойынша орналасқан «МЕДИКЕР АЛАТАУ» МО. Тел.: 356-11-77, 87772187883

 

Медициналық-сауықтыру орталығының меңгерушісі: Родионова Т. Н.

Телефон: 260-40-16.

«Тұран» университетінің медициналық-сауықтыру орталығы (МСО) университет құрылған күннен бастап жұмыс істейді және оның құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

МСО мақсаты оқу процесін медициналық сүйемелдеуді қамтамасыз ету, университет студенттері мен қызметкерлеріне көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын арттыру, олардың денсаулығын нығайтуға жәрдемдесу болып табылады.

 

 

Міндеттері:

 

– білім беру процесіне қатысушыларға жарақаттар, өткір және созылмалы аурулар кезінде алғашқы көмек көрсету;

– білім беру процесіне қатысушылардың науқастануы мен жарақаттануының алдыналу бойынша профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;

– білім алушылар мен қызметкерлердің санитарлық мәдениетінің деңгейін арттыру бойынша санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізу;

– университетте оқу процесін ұйымдастырудың санитарлық-гигиеналық жағдайларының белгіленген талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ету;

– ыстық тамақтың ұйымдастырылуын бақылауды қамтамасыз ету.

 

 

Қызметтің негізгі бағыттары:

 

– Білім алушылардың денсаулығын сақтау және нығайту бойынша емдеу-профилактикалық іс-шаралар кешенін ұйымдастыру және өткізу.

– Университет қызметкерлерінің денсаулығын сақтау және нығайту бойыншаіс-шаралар өткізу.

– Университетте оқу процесін ұйымдастырудың санитарлық-гигиеналық жағдайларының белгіленген талаптарға сәйкестігін бақылау.

 

Өз қызметінде ҚР заңнамалық және заңға тәуелді нормативтік-құқықтық актілерін, оның ішінде денсаулық сақтау және білім беру саласындағы актілерді, «Тұран» университетінің даму стратегиясын, университеттің сапаны қамтамасыз ету саясатын және МСО сапа саласындағы мақсаттарын,  жарғысын басшылық қаалады.

 

МСО жұмысы медициналық-сауықтыру орталығы туралы ережеге сәйкес ұйымдастырылады.

 

МСО штаттық құрамына: медициналық-сауықтыру орталығының меңгерушісі Родионова Татьяна Николаевна, медбике Манабаева Перизат Женисхановна кіреді

 

Жұмыс кестесі: 10.00-ден 17.00-ге дейін, № 108 кабинет

 

Cенім телефонының нөмірі: +7 (707) 374-74-08 Эльмира Кажиевна

COVID-19-ҒА ҚАРСЫ РЕВАКЦИНАЦИЯ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

“Қазақстан Республикасында covid-19 коронавирустық инфекциясына қарсы халыққа ревакцинация жүргізу туралы “ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің м.а. 2021 жылғы 15 қарашадағы № 49 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 8 желтоқсандағы № 54 қаулысына сәйкес “Тұран” университетінің қызметкерлері мен білім алушылары covid-19 коронавирустық инфекциясына қарсы бірінші вакцинация курсынан өткен күннен бастап 6 ай өткен соң вакцинация пункттерінде ревакцинациялануы мүмкін екенін хабарлаймыз.

 

Университет бойынша эпидемиологиялық орта туралы толық ақпарат алу және covid-19 коронавирустық инфекциясына шалдығу өскен жағдайда ден қоюды қамтамасыз ету үшін қызметкерлерден “Тұран” университетінің медициналық-сауықтыру орталығына ревакцинация алғаны туралы растайтын құжатты (вакцинациялаудың электрондық паспортын) уақтылы ұсынуды сұраймыз.

 

Сондай-ақ, жарамдылық мерзімі аяқталғаннан кейін медициналық анықтама болған жағдайда, қайта тексеруден өту ұсынылады.

Естеріңізге сала кетейік, covid-19 коронавирустық инфекциясына қарсы вакцинация “Тұран” университетінің қызметкерлері арасында ұжымдық иммунитеттің қалыптасуына ықпал етеді.

 

 

Медициналық-сауықтыру орталығының

Меңгерушісі               Родионова Т.Н.

COVID-19

Бастапқы белгілері

 

Насморк

Сухой кашель

Боль в горле

Екінші симптомдар

 

Температура

Пневмония

Удушение

 

Симптомдар инфекциядан кейін 14 күн ішінде пайда болуы мүмкін:

 

Вирус қалай таралады?

 

  • Науқас адаммен тығыз байланыста
  • Ауа-тамшы жолымен: түшкіру мен жөтелден
  • Инфекцияланған бетпен байланыста

 

Дайын бол

 

  • Ақпаратты тек сенімді ақпарат көздерінен алыңыз. Коронавирус туралы барлық фактілерді тексеріңіз, пошталық хабарламалар мен жалған мәліметтерге сенбеңіз
  • Масканы киіңіз, әсіресе физикалық қашықтықты сақтай алмасаңыз
  • Қолыңызды сабынмен үнемі жуыңыз. Антисептикті мүмкіндігінше жиі қолданыңыз
  • Шынтағыңызбен түшкіріңіз. Жөтелге арналған арнайы майлықтарды қолданыңыз. Қолданғаннан кейін әрдайым қолыңызды жуыңыз.

 

Әрекет етіңіз

 

  • Басқа адамдардан ауру көрінбесе де, кем дегенде 1 метр қашықтықта жүріңіз.
  • Бетіңізді лас қолмен ұстамаңыз
  • Сіздің орналасқан жеріңізді дезинфекциялаңыз
  • Ортақ ыдыстардан тамақ ішуге болмайды
  • Ортақ гигиена құралдарын пайдаланбаңыз

 

Өзін-өзі емдеуге болмайды. Егер сізде коронавирустың, ЖРВИ немесе тұмаудың белгілері бар деп күдіктенсеңіз, дереу жедел жәрдем шақырыңыз

Қабылдау комиссиясы