Қаржы қауіпсіздігі бойынша Халықаралық Олимпиада 2022

Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі «Тұран» Университетімен, сонымен қатар Fingramota.kz қаржылық сауаттылықты арттыру жобасының қолдауымен ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы Халықаралық желілік институтының қатысушыларымен бірлесіп, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен қаржылық қауіпсіздік жөніндегі Халықаралық олимпиада шеңберінде алдын ала (іріктеу) кезеңін өткізеді.

 

Олимпиада Жастардың қаржы-құқықтық сауаттылығын арттыруға, қаржы және экономикалық қауіпсіздік саласындағы заманауи трендтерді, қаржы мониторингі саласындағы ғылым мен технологияларды дамытудың жаңа бағыттарын көрсетуге, жеке тұлғаның, қоғам мен мемлекеттің қаржы саласындағы тәуекелдер мен қатерлерге қарсы тұруға үйретуге арналған.

 

Қаржылық қауіпсіздік бойынша Халықаралық олимпиада-бұл:

  • Сіздің қаржылық сауаттылығыңызды арттыру;
  • ойлаудың жаңа формасын және қызметтің жаңа форматын қалыптастыру;
  • кәсіби және жеке өсу, қабілеттердің дамуы және сіздің жетістіктеріңіздің қоржынына жаңа үлес қосу.

 

Олимпиада екі кезеңде өткізіледі:

1-ші алдын ала (іріктеу) кезеңі «Тұран» университетінің алаңында өтеді. Кезең онлайн форматында өткізіледі.

Тіркелу «Тұран» университетінің сайтында 2022 жылдың 19 мамырына дейін қол жетімді.

 

Олимпиадаға қатысуға: бизнес және басқару, құқық, әлеуметтік ғылымдар, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бағыттары бойынша білім алатын ҚР жоғары оқу орындарының бакалавриат білім беру бағдарламаларының студенттері, Ғылыми-педагогикалық бейіндегі 1 курс магистраттары шақырылады.

1-ші іріктеу кезеңінің жұмыс тілдері: қазақ, орыс

 

2-ші қорытынды (финалдық) кезең «Сириус» федералдық аумағында (Сочи қ. РФ) – 2022 жылғы 10-14 қазан аралығында өтеді.

 

«Тұран» Университеті алаңындағы олимпиаданың 1-ші алдын ала іріктеу кезеңі мәселелері бойынша:

Селезнева Ирина Владимировна – «Тұран» университетінің «Қаржы» кафедрасының меңгеруші.

тел: +77015556067

e-mail:  fin_olimpiada_2022@turan-edu.kz

 

Қатысушыларға арналған нұсқаулық 2022

Олимпиада туралы ереже 2022

Олимпиада Регламенті 2022

2021 жылы олимпиада қорытындысы бойынша Қазақстан командасы жалпыкомандалық
2 орын алды!
Қабылдау комиссиясы