Магистратура – кадрларды даярлаудың қазіргі заманғы үш сатылы оқыту жүйесінің «бакалавриат – магистратура – PhD докторантура» екінші кезеңі. Магистратурада оқу қазақстандық және халықаралық компанияларда табысты ғылыми-зерттеу, педагогикалық, тәжірибелік-конструкторлық және инновациялық қызметті жүзеге асыруға қабілетті мамандарды даярлауға бағытталған.
Кәсіби жоғары оқу орнынан кейінгі бағдарлама сізге нағыз кәсіпқой маман болуға, заманауи міндеттерді шешуге, алған білімдері мен дағдыларын заманауи бәсекелестік ортада, басқару және ғылыми-зерттеу қызметінде басшылыққа алуға мүмкіндік береді.
Ғылыми және педагогикалық (білім берудің алдыңғы деңгейі – бакалавриат немесе жұмыс тәжірибесіз жоғары арнайы білім), оқу мерзімі – 2 жыл.
Бейіндік (білім берудің алдыңғы деңгейі – бакалавриат немесе жоғары арнайы білім), оқу мерзімі – 1 жыл, 1,5 жыл.
Оқу түрі: күндізгі.
Оқыту тілдері: қазақ, орыс.
Академиялық дәрежесі:
Білім беру гранты бойынша қазақ немесе орыс тілдерінде магистратураға конкурстық негізде кешенді тестілеу бойынша ең жоғары балл жинаған тұлғалар қабылданады:
Ғылыми-педагогикалық магистратура үшін-кемінде 75 балл
Білім беру гранты бойынша ағылшын тілінде магистратураға оқуға конкурстық негізде кешенді тестілеу бойынша кемінде 50 балл жинаған тұлғалар қабылданады.
Ағымдағы жылдың 1 маусымынан 15 шілдесіне дейін кешенді тестілеуге өтінім беру қажет. Өтініштерді қабылдау ҚР БҒМ ҰТО АЖ арқылы онлайн режимінде жүзеге асырылады.
Университеттің қабылдау комиссиясына қажетті құжаттар пакеті:
Шетелдік білім беру ұйымдарында білім алу туралы құжаттарды алған тұлғалар магистратураға түсу үшін білім туралы құжаттарды тану немесе нострификаттау рәсімінен өтуі керек. Шет тілінде ұсынылатын жоғары білім туралы құжаттардың қазақ/орыс тіліне нотариалды куәландырылған аудармасы болуы тиіс.
Қабылдау емтихандары 20 шілдеден 10 тамызға дейін, қабылдау – 28 тамызға дейін өткізіледі.
Оқуға түсушілер кешенді тестілеуді магистратураға тапсырады
Шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттары бар Қазақстан Республикасының азаматтары магистратураға шет тілі бойынша түсу емтиханынан келесі тілдер бойынша босатылады:
Ағылшын тілі:
Неміс тілі:
Француз тілі:
Ұсынылатын сертификаттардың түпнұсқалығын жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдардың қабылдау комиссиясы тексереді.
Енгізілген өзгерістерге сәйкес магистратура мен докторантураға қабылдау енді жылына екі рет: дәстүрлі түрде – жазда және қосымша қыста өтетін болады.
Құжаттарды қыста қабылдау:
Магистратураға түсу үшін кешенді тестілеуге тіркелу Ұлттық тестілеу орталығының сайты арқылы жүзеге асырылады – app.testcenter.kz.
Кешенді тестілеу: 2021 жылдың 19 қарашасынан 11 желтоқсанына дейін.
Ғылыми-педагогикалық магистратураға шекті балл – 75, бейіндік магистратураға шекті балл – 50.
Кешенді тестілеуді сәтті тапсырған жағдайда үміткерлер жазғы қабылдау қорытындылары бойынша тағайындалмай қалған гранттарды ұтып ала алады. Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар 2021 жылдың 25 желтоқсанына дейін қабылданады.
Магистратураға қабылдау: 2021 жылдың 26 желтоқсанынан 2022 жылдың 10 қаңтарына дейін.
Магистратураға түсу кезінде магистратураның білім беру бағдарламасының бейіні жоғары білім берудің білім беру бағдарламасына сәйкес келмеген жағдайда, магистрантқа оны игерудің алғышарттары белгіленеді. Үміткерлерге оларды өз бетімен игеруге және түсу емтихандарын тапсырғаннан кейін ақылы негізде емтихан тапсыруға рұқсат етіледі. Магистратураның білім беру бағдарламалары бойынша пререквизит бағдарламалары тиісті кафедралармен жасалынад
Пререквизиттер бағдарламалары:
ҚР БҒМ “Ұлттық тестілеу орталығы” РМҚК
010011 Астана қ., Победа даңғ, 60
СТН 600300086081, БСН 000140001853
ЖСК KZ536010111000001515
БИК HSBKKZKX, КБЕ 16
«Қазақстан Халық банкі» АҚ
8292 теңге.