ОҚЫТУ МЕРЗІМІ ҚЫСҚАРТЫЛҒАН КҮНДІЗГІ ОҚУ НЫСАНЫ
(ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУДЫ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ)

ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

Оқыту мерзімі қысқартылған күндізгі оқу нысанына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады. Мұндай студенттерге білім алушының аудиторияда отырып қатысуымен өтетін әдеттегі офлайн сабақтардан бөлек, білім беру бағдарламасының оқу жоспарындағы пәндердің 20 %-дан 50%-ға дейін қашықтықтан (онлайн нысанда) оқуға болады.

 

Қашықтықтан оқыту – оқытушы мен білім алушылардың қашықтықтан, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып өзара байланыс орнатуы арқылы жүзеге асырылатын оқыту.

 

Оқу үрдісін ұйымдастыру кезінде білім беру бағдарламасы негізінен білім алушының өз бетінше білім алуына, ал оқу сабақтары оқытудың синхронды (нақты уақыт режиміндегі бейне сабақ) және асинхронды (сабақтың алдын ала дайындалған бейнежазбасы) нысандары арқылы жүргізіледі. Университет білім алушыға консультациялық қолдау көрсетуді (эдвайзер-куратор) және білім алушының білім беру бағдарламасын меңгеруін, сабаққа қатысуын, логиндеуді, оқу материалдарының орындалу барысын және тапсырмаларды уақытылы орындауды білім алушының цифрлық ізі арқылы (студенттердің деректері Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары білім берудің бірыңғай платформасына (ЖБББП) автоматты түрде енгізіледі) бақылап, қатаң мониторинг (университеттің автоматтандырылған ақпараттық жүйесі) жүргізеді.

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы «Білім беру ұйымдарына қашықтықтан оқытуды ұсыну жөніндегі талаптарды және қашықтықтан оқыту бойынша және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша онлайн-оқыту нысанында оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» № 137 бұйрығына сәйкес (жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 07.08.2023 № 397 бұйрығы), университеттерде кадрларды даярлау үшін бүкіл оқу кезеңінде пәндердің жалпы санының 50%-дан аспайтын бөлігін қашықтықтан оқытуға ауыстыру қарастырылған, ал 6В042 –Құқық бағыты бойынша кадрларды даярлау бүкіл оқу кезеңінде жалпы пәндер санынан 20%-дан аспайтын пәндерді қашықтықтан оқытуға көшіру қарастырылған.

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ
КІМ ТҮСЕ АЛАДЫ?

Қысқартылған оқу мерзімі бар күндізгі оқу бағдарламаларына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары түсе алады.

ОҚУ МЕРЗІМІ

Колледжден кейін: –3  жыл (4–6 семестр)

Теориялық оқыту: 120140 кредит немесе 166-186 кредит

Кешенді емтихан немесе бітіру жұмысы

 

Құжаттар тізімі

  1. Қосымшасы бар арнайы орта білім туралы құжат
  2. Жеке куәліктің көшірмесі.
  3. 075 медициналық анықтама + флюорография суреті.
  4. 6 фотосурет 3х4.

Екінші жоғары білім: 2 немесе 3 жыл

Теориялық оқыту: 120-140 кредит

Кешенді емтихан, бітіру жұмысы.

 

Құжаттар тізімі

  1. Қосымшасы бар жоғары білім туралы құжат (бакалавриат дипломы)
  2. Жеке куәліктің көшірмесі.
  3. 075 медициналық анықтама + флюорография суреті.
  4. 6 фотосурет 3х4.
ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ҮШІН НЕ ҚАЖЕТ
  • Компьютермен, электрондық поштамен және Internet желісімен жұмыс істеу дағдылары.
  • Жеке компьютерге тұрақты қол жеткізу.
  • Компьютер интернетке қосылуы керек, микрофонмен және веб-камерамен жабдықталған
  • Тұрақты электрондық пошта мекенжайы
«ТҰРАН» УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ОҚУ ҮРДІСІ ҚАЛАЙ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН:
  • студент біздің университеттің LMS Canvas – электрондық білім беру платформасында орналасқан жеке кабинетіне қолжетімділік алады.  Бұл платформада: білім беру мазмұны, өз бетінше жұмыс істеуге арналған тапсырмалар, аралық және қорытынды бақылауға арналған материалдар, оқытушылардың байланыс деректері, коммуникацияға арналған топтық және жеке чаттар;
  • барлық оқу материалы тақырыптар бойынша бөлінеді, студент оны өз қарқынымен оқи алады, бірақ әр пән бойынша бақылау тапсырмалары, аралық/рейтингтік бақылаулар және емтихан (оқытушымен/тіркеуші кеңсемен) белгіленген мерзімге сәйкес тапсырылуы тиіс;
  • мазмұн көбінесе дәрістер конспекті, онлайн дәрістер, презентациялар, электронды оқулықтар және т.б. түрінде ұсынылады;
  • сабақтар синхронды режимде on-line және off-line өтеді (барлық білім беру бағдарламалары үшін – 50% on-line және 50% off-line, «Құқық» бағыты бойынша оқытуда ерекшелік бар, олар үшін тиісінше 20%-дан 80%-ға дейін);
  • on-line сабақтар үшін студентке веб-камера, микрофон және жоғары жылдамдықты интернет қажет болады;
  • «Академиялық жазу» пәнінен басқа барлық пәндер бойынша емтихандар тест түрінде қабылданады, оларды оқытушылар LMS Canvas оқу платформасына электронды түрде жүктейді;
  • Емтихан тапсыруды бақылау автопрокторинг арқылы жүзеге асырылады.
  • университет сайтында LMS Canvas пайдалану жөніндегі нұсқаулықпен танысуға болады;
  • оқытушылармен on-line байланыс тек корпоративтік пошта арқылы жүзеге асырылады;
  • білім беру бағдарламасы бойынша ақпараттық сүйемелдеуді топтың эдвайзері жүзеге асырады. Қосымша ақпаратты онлайн оқыту орталығының жетекші маманынан алуға болады.
Қабылдау комиссиясы