ӨЗІНЕ СЕНГЕНДЕРГЕ ЖӘНЕ ТАБЫСҚА АРНАЛҒАНДАРҒА

Алматы қаласы, Сатпаев көшесі, 16а
Қабылдау комиссиясы +7 727 260 40 00

Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі

Академиялық дәреже: қызмет көрсету саласындағы бакалавры

 

Оқу мерзімі:

  • 4 жыл орта білімнен соң (іштей)
  • 3 жыл орта кәсіби білімнен соң (іштей – дәстүрлі, қашықтан оқыту технологиясы)
  • 2 жыл жоғарғы білімнен соң (қашықтан оқыту технологиясы)

 

Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі – бұл заманауи экономиканың ең перспективалық бағыттарының бірі.  Аталған мамандық экономика мен маркетинг саласында, басқару теориясы мен ақпараттық технологияларды, шет тілдерін білуді, дизайн мен жарнама туралы білімді қажет етеді. Оқу бағдарламасы мейрамхана ісі және мейманхана бизнесінде тиімді нәтижелер көрсете алатын әлемдік деңгейдегі мамандарды даярлауға негізделген. Аталмыш бағдарламада студенттер мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі бойынша қызмет көрсетудің және басқарудың түрлі формаларын меңгереді.  Сервис – күнделікті өмірде түрлі салада халыққа қызмет көрсету. Бұл түрлі дағдылар мен өзіңіздің шығармашылық мүмкіндіктеріңізді толықтай аша алатын кең ауқымды сала түрі.

 

Бағдарлама ерекшеліктері:

  • Инновациялық оқу
  • Тәжірибеге бағытталған курстар
  • Жалпы оқу процесіндегі үш тілділік
  • Тереңдетілген ағылшын, қытай, түрік, итальян тілдері
  • Брондау және резервтеу қызмет көрсету саласында сертификатталған курстар
  • Ғылыми жобалар аясында ҒЗИ жұмыстарына қатысу
  • Шет елдерде (Түркия, Италия, Ресей), және ООК «Тау-Тұранда», мейрамханалар мен қонақ үйлерде тағылымдамалардан өту мүмкіндігі
  • «TuranNomads», «Global Tourism Service», және «Турист» туристік клубы бизнес-инкубаторының функционалдануы
Выбор языка: