ӨЗІНЕ СЕНГЕНДЕРГЕ ЖӘНЕ ТАБЫСҚА АРНАЛҒАНДАРҒА

Алматы қаласы, Сатпаев көшесі, 16а
Қабылдау комиссиясы +7 727 260 40 00

Халықаралық қатынастар

Академиялық дәрежесі:

 

6В03101 – гуманитарлы ғылымдар бакалавры,

7M03101, 7M03105 – магистр

 

Оқу мерзімі:

 

  • орта білімнен кейін 4 жыл
  • орта кәсіби білімнен кейін 3 жыл
  • жоғары білімнен кейін 2 жыл
  • мамандандырылған магистратура – 1 (1,5) жыл
  • Ғылыми-педагогикалық магистратура – 2 жыл

 

Мамандықтың студенттері халықаралық қатынастардың қазіргі кездегі процестерін, халықаралық  саяси, әскери, экономикалық қақтығыстарды, халықаралық ұйымдардың қызметтерін, әлемдік саясаттың дамуындағы үрдістер мен мәселелерді, ҚР ұлттық қауіпсіздік мәселелерін және т.б. мәселелерді зерттейді. Алынған білімдер, сонымен қатар бір батыс және бір шығыс тілін меңгеру мамандықты бітірушілерге Қазақстанның, оның компаниялары мен фирмаларының халықаралық аренаға шығуын қамтамасыз етуде өз үлестерін қосуға мүмкіндік береді.

 

Білім беру бағдарламалары:

 

  • Үлгерімі жақсы студенттер үшін шетелдік тағылымдамадан өту мүмкіндігі
  • Пәндердің ағылшын тілінде оқытылуы
  • Ағылшын, корей, қытай, түрік тілдерін жақсартуға және терең меңгеруге көмектесетін тіл оқыту клубтарының жұмыс жасауы
  • Шет елдік жетекші мамандар мен оқытушыларды шақыру мүмкіндігі
  • ҚР Сыртқы Істер Министрлігінде және ҚР елшіліктерінде жұмыс жасаған, тәжірибесі мол мамандар
  • Университеттің және оның серіктестерінің жобаларына қатысу мүмкіндігі (MUN, AISEC, Mevlana)
Выбор языка: