Дүниежүзілік туризм күні қарсаңында «Тұран» университетінің «Туризм және сервис» кафедрасы дөңгелек үстел отырысын ұйымдастырды. Стратегиялық даму, ғылым және инновациялар жөніндегі проректор, э.ғ.д., профессор Нурмуханова Гульнар Жагыпаровна құттықтау сөзбен жиналысты ашты.
⠀
Дөңгелек үстел жұмысына кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы, «Туризм» білім беру бағдарламасының студенттері, сондай-ақ шақырылған қонақтар: Бритченко Игорь Геннадиевич, э.ғ.д., профессор, Украина экономика ғылымдар Академиясының академигі «Алматыдағы білім беру және ғылыми туризмді дамыту перспективалары» атты баяндамасымен және «Алматы қаласы туризм басқармасы» туризмді ілгерілету бөлімінің бас маманы Изенай Дилара Ерболатқызы «Алматы қаласының туризмін жалпы дамыту контекстінде медициналық туризмді ілгерілету туралы» баяндамасымен қатысты.
⠀
Іс-шара барысында оңтүстік астананың туристік саласын дамытудың өзекті мәселелері және оның қала экономикасын қалыптастырудағы рөлі жөнінде пікірлер алмасылды.