«Тұран» университетінде халықаралық пікірталас және зерттеу орталығының ашылуы өтті

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында ҚР БҒМ РҚББОӘО қолдауымен «Тұран» университетінде халықаралық пікірталас және зерттеу орталығының ашылуы өтті.

 

Салтанатты ашылу рәсімі лентаны қиюдан және орталықтың қызметімен таныстырудан басталды.

 

Іс-шараның құрметті қонақтары ҚР білім және ғылым Министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының директоры Р.П. Шер, Алматы қ. «Дарын» орталығының директоры Ж.Ж. Айтпаева болды.

 

Орталықты ашу мақсаты Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілетті пікірталас қоғамдастығын құру.

 

Бұл орталық халықаралық пікірталас қоғамдастықтарымен өзара әрекеттесу үшін оқушылар және студенттерге ағылшын тілінде пікірталастар бойынша курстар өткізетін, педагогтарға пікірталас техникасын дамытуды үйрететін, мектеп оқушылары, колледжде білім алушылар және студенттер үшін ағылшын тілінде пікірталас, зияткерлік турнирларын өткізетін алаң болады.

Online қабылдау