«Тұран» университеті сапа менеджменті жүйесінің (ISO 9001: 2015) инспекциялық тексерісінен сәтті өтті

«Тұран» университеті Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының иегері бола отырып, сапаны қамтамасыз етудің ішкі жүйесін белсенді түрде жетілдіреді, сапа менеджменті жүйесінің тиімді жұмыс істеуін және үнемі жақсарып отыруын қамтамасыз етеді.

 

2021 жылғы 12-14 қазан аралығында «Тұран» университетінде сапа менеджменті жүйесінің ISO 9001:2015 халықаралық стандарт талаптарына сәйкестігіне инспекциялық тексеріс өтті. Тексеруді «Русский регистр Евразия» сертификаттау мекемесінің аудиторы Г.Д. Таласбаева жүргізді.

 

Сапа менеджменті жүйесі тұтынушы мен стейкхолдерлер алдында университет ұсынатын білім сапасының кепілдігін қамтамасыз етеді, топ және мидл-менеджментке сауатты басқарушылық шешімдер қабылдауға, кез келген өзгерістерге жедел ден қоюға, университет үшін ықтимал тәуекелдерді азайтуға немесе алдын алуға мүмкіндік береді.

 

Сапа менеджменті жүйесі университетте 2011 жылдан бастап жұмыс істейді, оның ISO 9001:2015 стандартына сәйкестігін 2020 жылы халықаралық «Русский регистр» сертификаттау қауымдастығы растады.

Online қабылдау