Алматы қаласы, Қоғамдық даму басқармасы қолдауымен Тұран Университеті, Аймақтану және халықаралық қатынастар кафедрасы «Мәңгілік Қазақстан» қоғамдық қорымен бірлесе отырып, «Халықаралық және аймақтық қақтығыстар және олардың бейбіт түрде шешімі» тақырыбында стратегиялық сессия өткізді. Сессияға белгілі саясаттанушы ғалымдар, ғылыми-зерттеу институт өкілдері мен жас саясаттанушылар, студенттер онлайн және оффлайн форматта қатысты. Стратегиялық сессия соңы сұрақ-жауапқа ұласып, қарар қабылданды.